1 ЖОЛ ДИСТАНСАСЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ ЖӘНЕ БАСҚАРУ ҚҰРЫЛЫМЫ....................................................................................6 1.1 Жол дистансасының қызмет түрі, мақсат-міндеттері...............................6 1.2 Жол дистансасының ұйымдастырылу құрылымы.....................................9 1.3 Жол дистансасының ішкі ережесі.................................................................12
2 ЖОЛ ДИСТАНСАСЫНЫҢ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ЖҮЙЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ..........................................................14 2.1 Еңбекақы есебі.................................................................................................14 2.2 Негізгі құралдардың есебі және амортизациясы..........................................18 2.3 Дебиторлық берешектің есебі........................................................................25 2.4 Тауарлы - материалдық қорлардың есебі......................................................27
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................42
КІРІСПЕ
Курстық жұмыcтың өзектілігі. Жол дистансасы өз қызметінің барысында Қазақстан Республикасындағы темір жолдарды техникалық пайдалану Ережелерінің, басқа да ережелердің, нормативтердің, поездардың магистральдік темір жол торабымен, станциялық және кірістік жолдармен қауіпсіз және үздіксіз қозғалуын қамтамасыз ету шарттарының қадағалауын қамтамасыз етеді. Жол дистансасы өз қызметін тиісті дәрежеде ұйымдастыруы үшін, келісілген көлемде магистральді темір жол торабы операторының ақпараттық торабын пайдалану құқығына ие болады. Ақпараттық ресурстарды беру, жабық ақпараттарды заңсыз пайдаланудан қорғау тәртібін, барлық тұтынушылар мен корпоративтік ақпараттық торап жүйелерінің қауіпсіз жұмыс істеу жағдайын, ақпараттық торапты пайдалану төлемақысын магистральді темір жол желісінің операторы анықтайды. Жол шаруашылығын тиімді пайдалану поез жұмысының жоспарымен анықталады. Ол келесі міндеттерден тұрады: поез және локомотив нөмірлерін көрсете отырып, поездарды техникалық станциядан жөнелту, поездарды сұрыптау, телімдік және ірі жүк станцияларына қабылдау, поездарға локомотив беру уақыты және т.б. Жол дистансасының бухгалтерлік есебі бухгалтерлік есеп Стандарттарында және субъектілердің қаржылық – шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есеп шоттарының Бас есеп жоспарында бекітілген жалпы қағидалары мен ережелерінің негізінде құрылады және ол бүкіл алынған ақпараттарды пайдаланушылардың талабына, қызметінің құрылымына, ұйымның нысанына, айрықша ерекшелігіне есептің сәйкес келуін қамтамасыз етеді [1]. Жол дистансасының басқару есебін ұйымдастырудағы маңызды жағдайлардың бірі – бухгалтерлік есептің жеке жүйесі ретінде кадрмен қамтамасыз ету болып табылады. Басқару есебін жүргізу үшін шаруашылық операцияларын тіркеумен ғана шұғылданбай, кәсіпорынды басқаруда да қатысатын білікті бухгалтер – талдаушы талап етіледі. Жол дистансасы бухгалтерлік есепті жүргізген кезде мына жағдайларды қамтамасыз етеді: - есеп беру кезеңінің ішінде міндеттемелер мен активтерді бағалау мен кейбір шарушылық операцияларын көрсету кезінде қабылданған есеп саясатының өзгермейтіндігі; - қаржылық міндеттемелерімен мүліктерді түгендеу нәтижесін және есептік кезеңде жүзеге асқан барлық шаруашылық операцияларының есепте толығымен көрініс табуы; - тиісті есептік кезеңіне шығыс пен табыстың дұрыс жатқызылуы; - әрбір айдың басына синтетикалық есеп шоттары бойынша қалдығы, аналитикалық есептің айналымы мен сәйкестігі сақталуы керек [2]. Жол дистансасы қызметінен түсетін пайда, заңдар мен келісім – шарттық міндеттемелерде қарастырылған барлық төлемдерді төлегеннен кейін оның меншігінде қалады және ол мүліктік кешенді ары қарай дамыту, сонымен қатар, нарықтық тәуекелділіктер орын алған жағдайда қажетті қаржылық резервтерді қалыптастыру үшін пайдаланады [3]. Жол дистансасының Есеп бөліміндегі бухгалтерлердің жұмысы компьютерленген. Олар «Фаворит» АБУ бағдарламасымен жұмыс істейді. Бұл бағдарлама бухгалтерлердің жұмыстарын көп женілдетеді. Бұл бағдарламада керекті бланкілер дайын, тек сонда мәліметтерді мұқият енгізсе есепті өзі автоматты түрде есептеп бухгалтердің уақытын үнемдейді және қол жұмыстарын азайтады. Курстық жұмыстың мақсаты. Жол дистансасының ұйымдастырушылық құрылымын зерттеу және нарықтық қатынастар жағдайында бухгалтерлік есебін ұйымдастыру ерекшеліктерін анықтау. Курстық жұмыстың міндеттері. Жоғарыда көрсетілген курстық жұмыс мақсатына байланысты мынадай міндеттер туындайды: - Жол дистансасының қызмет түрін, мақсат, міндеттерін қарастыру; - Жол дистансасының ұйымдастырушылық құрылымын зерттеу; - Бухгалтерлік есеп жүйесін ұйымдастыру ерекшеліктерін анықтау. Курстық жұмыстың әдістемелік негізі. Курстық жұмысты орындау барысында Қазақстан Республикасының заңдық актілері, Халықаралық қаржылық есеп беру стандарттары, Cалық кодексі, бухгалтерлік есептің типтік шоттар жоспары, темір жол кәсіпорындарының есебін ұйымдастыруға байланысты отандық және шетелдік авторлардың оқулықтары, бухгалтерлік және қаржылық есеп пәні бойынша оқулықтар. Курстық жұмыс бойынша алынған нәтиже: - Жол дистансасының қызмет түрі, міндеттері қарастырылды; - Жол дистансасының ұйымдастырушылық құрылымы зерттелді; - Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру ерекшеліктері анықталды. Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен құралған. Кіріспеде курстық жұмыстың өзектілігі, мақсаты және оларды шешу жолдары көрсетілген. Бірінші тарауда Жол дистансасының басқару құрылымы мен мақсат, міндеттері, қызмет түрі, ішкі ережелері зерттелді. Екінші тарауда Жол дистансасының бухгалтерлік есебін жүргізу құрылымы қарастырылды.
І. КІРІСПЕ ................................................................................................................
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. ЭТНОТУРИЗМНІҢ ТУРИЗМДЕГІ АЛАТЫН ОРНЫ 1.1. Қазақстандағы туризмнің жаңдайы........................................................... 1.2. Этнотуризм түсінігі және оның түрлері.................................................. 1.3. Отандық этнографиялық туризм және қазақтың салт-дәстүрлері........
2. ҚАЗАҚСТАНДА ТУРИЗМДІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ІШІНДЕ ЭТНОТУРИЗМДІ ДАМЫТУДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ......................................................................….
3. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЭТНОТУРИЗМНІҢ ДАМУ ДЕҢГЕЙІ МЕН ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ ......................................................................................
ІҮ. ҚОСЫМШАЛАР............................................................................................. Ү. ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................
КІРІСПЕ
Заманауи туризм-бұл әлемдік экономиканың маңызды саласы, сонымен қатар, туризм саласы мемлекеттің экономикасының өсуінің 3 ұнамды жақтарымен көріне алады. Яғни: 1. Шетелдік валютаның қаржы түсімін қамтамассыздандырады. 2. Халықтың тұрмыс тіршілігінің өсуіне үлес қосады. 3. Елдің инфрақұрылымының дамуына себеп болады. Қазіргі таңда туризм мемлекеттің экономикалық дамуына, жеке адамдардың қажеттілігін өтеудегі сонымен қатар мемлекеттің арасындағы әлеуметтік қатынастарды байытудағы рөлі мен мәнін бағалау мүмкін емес. Туризм индустриясы көптеген мемлекеттердің экономикасында негізгі орындардың бірін алады. Оның қазіргі таңдағы дамуы, нарық заманына қажетті жұмыс орнының пайда болуына үлкен ықпалын тигізуде. XX ғасырда туризм мәні жоғары денгейдегі әлеуметтік құбылысқа айналады. Кейбір мемлекеттерде тұрғындардың туризм қызметіне жұмсайтын шығындағы күнделікті азық-түлік пен тұрғын үйге жұмсалатын шығындардан кейін үшінші орында тұр. Егеменді Қазақстанның экономикасы үшін туризм қызметі маңызды орын ала алады. "Қазақстанда туризмді дамыту" бағдары бойынша мемлекетіміз үшін тиімді, әрі әлемдік бәсекелестікке жарайтын туризм қызметін аяғынан тұрғызу керектігі айтылған. Ішкі және сыртқы туризм саласында этнотуризмнің алатын орны ерекше. Қазақстандағы туризм дамуының болашағын айқындайтын шешуші факторлардың бірі. Тақырыптың өзектілігі болып туризмнің ерекше саласы ретінде этнотуризм теориясының аз зерттелуі табылады. Туризмнің дамуындағы қазақ халқының салт-дәстүрлеріне деген сұраныс жоғары, сондықтан да Қазақстанның мәдени-тұрмыстық жетістіктері мен ерекшеліктерін, салт-дәстүрлерінің бай мұрасын көрсету туризмнің дамуына әсері мол. Ұлттық салт-дәстүрлерді әлемге насихаттау және сұраныстың ұлғаюы нәтижесінде өнімді әлемдік деңгейге ұсыну мәселесі бар. Осы саладағы зерттеулер маңызды болып табылады. Жұмыстың зерттелу пәні: туристік іс-әрекет. Жұмыстың зерттелу объектісі: туристік бағыттың бірі- этнографиялық туризм. Жұмыстың мақсаты: Қазақстандағы этнотуризмнің дамуын зерттеу. Мақсатқа байланысты келесідей міндеттер айқындалды: – Этнотуризм туралы түсінік, оның түрлері. Қазақ халқының салт-дәстүрлеріне талдау жасау; – Қазақстанда этнотуризмнің даму деңгейін қарастыру – Қазақстандағы этнотуризмнің даму деңгейі, перспективалары - Туристтерге ұсынуға болатын этнообъектілер мен салт-дәстүрлерді, этномұражайлар мен этноауылдардың жұмысын қарастыру. Алға қойылған міндеттерді шешу үшін зерттеудің келесідей әдістері мен тәсілдері қолданылды: әдеби көздерді сараптау, Қазақстандық этнобағыттағы турөнімді сипаттау, туристік көзқарасты қалыптастыру. Ғылыми ізденіс жұмысындағы ақпарат көздеріндегі басымдық интернет-сайттарда болды. Себебі, туризм - динамикалық көрсеткіш. Нарықта үлгермелі болу үшін, соңғы туристік нарық ақпараттарына ие болып, жаңалықтармен таныс болып отыру қажет. Ал олардың үлкен базасы – интернет көздерінде. Қазақстандық этнографиялық туризмін дамыту үшін тақырыптық этнографиялық маршруттар мен экскурсияларға: ұлттық тағам дайындауға, салт-дәстүрлермен танысуға байланысты этноауылдарға маршруттар; «қазақша күрес» немесе «көкпар» спорттық ойындарының масштабын кеңейту арқылы шетел туристерін тартуға ұсыныстар беріледі. Жұмыстың құрылымы мен көлемі. Жұмыс кіріспеден, 3 тараудан, қорытындыдан және әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады. Дипломдық жұмыс ... беттен тұрады. ... астам шетел және отандық әдебиеттер қолданылды, Интернет сайттардың мәліметтерінен тұрады.
Кіріспе…………………………………………………………………………3 1. Әдеби шолу 1.1.Эпоксидті шайырлардың пайда болуының қысқаша тарихы…………………………………………………………......4 1.2. Эпоксидті шайырлардың құрылымы мен сипаттамасы……………………………..............................................4 1.3. Эпоксидті шайырларды алудың технологиялық процесі…………..7 1.4. Эпоксидті олигомерлердің физико – химиялық қасиеттері………………………………………………………..9 1.5. Эпоксидті композициялардың құраушы бөліктері………………....12 1.6. Эпоксидті шайырларды қатайту, олардың қатайған күйіндегі құрылымы мен қасиеттері…………………………………………………18 1.7. Эпоксидті композициялардың қолданылу аймағы…………………………………………………………………………23 2. Сараптамалық бөлім 2.1. Рективтерді дайындау………………………………………………...30 2.2. Эпоксидті шайырлардың құрамындағы эпоксидті топтардың санын анықтау және қатайту ……………………………………………...30 2.3. Қатайтылған эпоксидті шайырдың ерігіштігін сапалық анықтау…32 2.4. Көрсеткіштерді талқылау……………………………………………..32 Қорытынды…………………………………………………………………...34 Пайдаланған әдебиеттер тізімі……………………………………………..35
Кіріспе Менің жұмысымның мақсаты – эпоксидті олигомердің құрамындағы эпоксидті топтардың санын анықтау және қатайғаннан кейін эпоксидті шайырдың қасиеттерін зерттеу болып табылады. Алғашқы рет эпоксидті шайырларды швед химигі П. Кастан 1938 жылы синтездеді, және олардың алғашқы қолданылу аймағы тістерді пломбылау болды. Эпоксидті шайырлардың өндірісі екінші дүниежүзілік соғыс алдында АҚШ пен Еуропада жүргізілген зерттеулерден басталды. Алғашқы шайырлар – эпихлоргидриннің бисфенол А – мен реакциясының өнімдері – өнеркәсіптік масштабтарда 1947 жылы алынды. 1950 жылдардың аяғында диглицидил эфирінен жаңа эпоксидті шайырлар өндірілді. 1960 жылдардың аяғында өнеркәсіппен шайырлардың 25 түрі игерілді. Бұл этапта «эпоксидті шайыр» термині жалпы мағынаға ие болып, қазіргі уақытта көптеген материалдар жасау үшін қолданылады [1]. Өзінің бастапқы түбірі бойынша «эпоксидті» сөзі «эпиграф», «эпителий», «эпидермис» сөздеріне ұқсас. «Эпи» «жоғарғы» деген мағынаны білдіреді, «оксид» түбірі құрамында оттектің бар екендігін көрсетеді, ал жалпы бұл атау «жоғарыда оттегі бар» деген мағынаны береді. Эпоксидті шайыр молекуласында эпоксидті деп аталатын кем дегенде екі функционалды топ болады. Эпоксидті топқа шайырдың негізігі қасиеттері тәуелді, сондықтан молекуладағы эпоксидті топтардың меншікті үлесі олигомердің негізігі сипаттамасы болып табылады. Эпоксидті шайырлар термореактивті пластиктер класына жатады және фенол мен полиэфирлер сияқты материалдарға ұқсас болып келеді. Эпоксидті шайырларда бағалы қасиеттердің жоғары болуы, олардың өнеркәсіпте кең қолданылуына алып келді. Эпоксидті шайырлар, аз мөлшерде кемуі, жеңіл қатаюы, желімдеуші қосылыстың жақсы химиялық тұрақтылығы мен жоғары беріктілігінің болуының арқасында әмбебап болып табылады [2].
ЖОСПАР Кіріспе 1. Халықаралық экономикалық интеграция теориясының негіздері 1.1.Интеграция мәні,алғышарты, кезеңдері 1.2.Аймақтық интеграциялық үрдістер және топтар 2.Аймақтық интеграциялық үрдістері мен Қазақстан 2.1. Аймақтық интеграцияның проблемалары 2.2.Еуразиялық экономикалық Қауымдастыққа Қазақстанның қосқан үлесі Қорытынды
Пайдаланылғын әдебиеттер
Кіріспе XX ғасырдың аяғында, соңғы орасан зор әлеуметтік империялардың бірі Кеңестер Одағы өмір сүруін тоқтатты. Бұл дүние жүзі тарихындағы аса ірі оқиға. Әлемдегі ықпал ету жағынан бұл – Ежелгі Рим империясының, Британ империясының құлауымен пара-пар. Сонымен В.И.Лениннің басшылығымен 1922 жылы 30 желтоқсанда құрған КСРО өз құрылуынан 70 жыл өткен соң өмір сүруін тоқтатты. Әлемдік қауымдастық жаңа мемлекеттер санымен толыға түсті. Бұрынғы Одақтас Республикалардың, өзіндік егеменді мемлекет болып құрылуы экономикалық және әлеуметтік жағынан үлкен қиыншылықтар мен шығындармен жүруде. Енді жаңа тәуелсіз мемлекеттер алдында күрделі таңдау тұрды. Олар: қол жеткізген тәуелсіздікке шүкіршілік ете отырып, оқшау қалу немесе Батыстың шикізат қөзіне айналу, ал енді ең соңғысы бірлескен Еуропалық Одақты мысал ете отырып интеграциялық байланыстарды күшейтіп, кеңестік аймақта әлемдік дамуда жаңа бір орталық құру. Қазіргі таңда жаңа егеменді мемлекеттердің саяси егемендігінің халықаралық – құқықтық құрылу стадиясы аяқталды, сонымен қатар, әлеуметтік – экономикалық және валюталық – қаржы жүйесі де құрылып бітті. Бірақ Кеңестер Одағының ыдырауының артықшылықтарымен қатар кемшіліктері де бар. Солардың бірі Кеңес Одағының ыдырауынан кейін біртұтас халықтың шаруашылық кешен қирады, көптеген сауда – экономикалық және өндірістік – технологиялық байланыстар үзіліп қалды. Бірақ мұның тиімді жақтары да бар, яғни бұрынғы отар елдер әлемдік қауымдастыққа өздерін зайырлы, демократиялық, құқықтық мемлекет ретінде таныстыруға мүмкіндік алды. Бұл жұмыс КСРО-ның ыдырауы мен жаңа тәуелсіз мемлекеттердің құрылуынан кейінгі жағдайлардағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастық ролі мен орнын, жаңа құрылымдағы заман талабына сай интеграциялық үрдістің жүру жолдарын және сол үрдістегі Қазақстан Республикасының позициясын қарастырады. Қазіргі уақытта Қазақстан ТМД-да және жалпы әлемдік қауымдастықта демократиялық құндылықтар жолын ұстанушы аймақтың және ғаламдық қауіпсіздікті бекітуде өз үлесін қосуға талпынып отырған мемлекет ретінде әлемге әйгілі. Қазақстан Республикасының халықаралық құқықтың субъектісі ретінде өмір сүруінің алғашқы күндерінен бастап, бұрынғы Одақтың республикалар арасында жаңа экономикалық және әлеуметтік байланыстарды, құру міндеттерді белсенді түрде араласты. Қазақстан Республикасының ТМД-ны құрудағы орны мен ролі көпшілікке мәлім. Президентіміздің ұсынысы бойынша, 1991 жылы желтоқсанда Алматы қаласында он бір тәуелсіз мемлекет басшылары жиналып Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құру туралы жариялаған болатын. Содан бері жаңа бірлестік өз өмірін жалғастыруда. Курстық жұмыстың өзектілігі. Қазіргі дүниежүзілік дамуда ғаламдану үрдісі жүруде. Ал сол ғаламданудың бастамасы интеграция. Біз XXІ ғасыр интеграция ғасыры деп айтсақ жаңылмаймыз деп ойлаймын. Қазіргі таңда барлық мемлекеттер интеграциялануға ұмтылуда, өйткені әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай оқшау экономика еш уақытта дами алмайды. Интеграцияланудың теріс жақтарынан гөрі оң жақтары басымырақ. Міне сондықтан да Қазақстан Республикасы дамудың интеграция жолын әр уақытта қолдайды. Интеграция әр уақытта да өз өзектілігін жоғалтпаған. Оған деген қызығушылық, КСРО ыдырап, әр бір бұрынғы Одақтас мемлекет өз тәуелсіздігін алғаннан кейін үдей түсті. Халықаралық қатынастар тарихы көрсеткендей, мемлекеттер арасындағы экономикалық, саяси, ғылыми және мәдениет салаларындағы толыққанды қатынастарды орнату кезеңінде мемлекетаралық институттар маңызды роль атқаратынын көреміз. ТМД елдерінің проблемаларын зерттеу, оның қазіргі даму тенденцияларын анықтау тәжірибесі Қазақстан сыртқы саясатының қалыптасуына негіз бола алады. Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Курстық жұмысты жазудағы автордың мақсаты қазіргі кездегі ТМД-ның ролі мен маңызын анықтау және осыған байланысты Қазақстанның позициясын көрсету. Жүйелі түрдегі посткеңестік кеңістіктегі интеграциялық үрдістерді зерттеу және олардың халықаралық қатынастарға ықпалын жан-жақты ашып көрсету. Осы мақсаттарды жүзеге асырудағы міндеттер: • Интеграциялық дамудың әлемдік маңызын зерттеу; • Интеграция проблемаларын қарастыру; • Еуразиялық Экономикалық Қоғамдастық: Қазақстанның қосқан үлесін қарастыру Деректемелер. Жоғарыда көрсетілген мақсат пен міндеттерді жүзеге асыруға негіз болған деректерді сипатына қарай бірнеше топқа бөлуге болады. Олар дипломатиялық құжаттар мен мемлекет қайраткерлерінің еңбектері; ТМД елдерінің екіжақты және көпжақты келісімдері; баспасөз материалдары. Жұмыс жазу барысында автор келесі деректерге сүйенеді: ТМД шеңберінде көптеген салаларға арналып қабылданған құжаттарды қолдандым. Бірқатарын атап өтер болсақ, олар - "Соглашение о создании Содружества Независимых Государств”, "Алматинская декларация”, "Устав Содружества Независимых Государств”, "Соглашение о Таможенном союзе”, "Договор о создании Единого экономического пространства между Республикой Казахстан, Кыргызской Республикой и Республикой Узбекистан” т.с.с. Бұл жұмыста мынадай мемлекет қайраткерлерінің еңбектерім қолдандым. Олар, Н.Ә. Назарбаевтың "Сындарлы он жыл”, "На пороге XXІ века”, "Евразийский союз: идеи, практика и перспективы", Н.Р.Исингариннің ”10 лет СНГ. Проблемы, поиски, решении", ”Проблемы интеграции в СНГ", "Транспорт магистраль экономической интеграции в СНГ”, ”Казахстан и Содружество: проблемы экономической интеграции". К. Токаев:”Под стягом Независимости", ”Дипломатия Казахстана” т.б. Баспасөз материалдарына тоқталар болсақ, "Казахстанская Правда”, "Панорама”, "Евразийское сообщество”, "Экономист” т.б. Курстық жұмыстың құрылымы екі тараудан, кіріспе, қорытынды, әдебиет тізімдерінен тұрады.
МАЗМҰНЫ Кіріспе........................................................................................................................4 - 6 1 тарау. Патриоттық тәрбиенің маңызы. 1.1. Патриоттық тәрбие берудегі өткен тарихымыздың алар орны...................7 - 12 1.2. Патриоттық тәрбие берудің педагогикалық негізі.........................................13-17 1.3. Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру жолдары...................................18-22
2 тарау. Патриоттық тәрбиенің міндеттері 2.1. Оқушылардың мемлекеттік рәміздерге деген құрмет сезімін тәрбиелеу...23-26 2.2. Тұлғаның патриоттық құндылығын қалыптастыру.......................................27-30 3 тарау. Әдістемелік бөлім...................................................................................31-36 Қорытынды.............................................................................................................37-38 Әдебиеттер тізімі....................................................................................................39-40
Кіріспе Ерте заманда қазақтың тілінде "патриотизм” деген сөз болмаған. Бұл ұғым Қазан төңкерісінен кейін сөз қорымызға енді. Патриотизмнің негізгі мағынасы әр азаматтың ұлтын, Отанын сүюден туындайды. "Патриотизм”-гректің сөзі. Оның қазақшасы-жерлес, отандас дегенді білдіреді, яғни Отанын, ұлтын сүю, оны жаудан қорғау. Қазақтар ежелден басқа халықтардай Отанын, ұлтын сүйген. Батырларымыз бастаған қазақ халқы Отанын, жерін, ұлтын жаудан қорғаған. Қазақтың ұлтжандылығы, отансүйгіштігі ежелден қалыптасқан. Оған қазақтың мақал- мәтелдері дәлел. Мәселен, туған жер-отан туралы мақалдар-мәтелдер: "Туған жерге туың тік”. "Ит тойған жеріне, Ер туған жеріне”. "Туған жердей жер болмас, Туған елдей ел болмас” т.б. болып кете береді. Мақал-мәтелдердің өзі қазақтың елін, жерін, отанын сүюуінің негізі болып табылады. Қандай бір халық болмасын отанын, елін, жерін сүймейтіні жоқ. Соның ішінде қазақ халқы да жалпы шығыс, оның ішінде түркі тілді халықтардай отанын, жерін, суын, табиғатын сүюге жастарды тәрбиелеу көне заманнан өзімен бірге дамып келеді. Бірақ кешегі кеңес заманында таза ұлттық патриоттық тәрбиені жалпы кеңестік патриоттық-интернационалдық тәрбиемен алмастырды. Біз интернационалдық (ұлтаралық татулық) тәрбиені жоққа шығармаймыз. Қазақстан жағдайында тәрбиенің бұл саласы бүгінде де қажет. Бірақ патриоттық осы тәрбиенің түпқазығы болуы тиіс. Тақырыптың өзектілігі: Қазiргi кезде республикамыздың егемендiгi мен бейбiтшiлiгiн сақтауда тұлғаның патриоттық құндылықтарын дамыту арқылы Қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға үлкен мән берiлiп отырғандығы Қазақстан Республикасы Конституциясында, Қазақстан Республикасы "Бiлiм туралы" Заңында, Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк "Бiлiм" бағдарламасында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң республика халқына жолдауларында, Қазақстан Республикасы тарихи сананы қалыптастыру, Қазақстан Республикасы мәдени-этникалық білім беру тұжырымдамаларында, "Адам құқықтарының жалпыға бiрдей декларациясында", "Бала құқығы туралы декларацияда" және үкiметтiң құжаттарында, ғылыми-зерттеу жұмыстары мен ағымдағы басылым беттерiнде айқын аңғарылады. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк "Бiлiм” бағдарламасында тәрбие жүйесiн жетiлдiруге байланысты алдына қойған негiзгi мақсаты - "қазақстандық патриотизм, азаматтық, iзгiлiк және жалпыадамзаттық құндылықтар идеяларының негiзiнде тәрбиеленушiнiң жеке тұлға ретiндегi сапалық қасиетiн қалыптастыру” – деп бүгiнгi ХХI жаһандану ғасырында ұлттық мәдениет пен өркениеттi өзара кiрiктiре отырып, жеке тұлға қалыптастыру көзделiп отыр. Тақырыптың мақсаты: Қоғамның әлеуметтiк даму жағдайында мектеп оқушыларын отансүйгіштікке тәрбиелеуді теориялық-әдiснамалық тұрғыда негiздеп, ғылыми-әдiстемемен қамтамасыз ету. Зерттеудің әдістері: Философтардың, әлеуметтанушылардың, тарихшылардың, психологтардың, педагогтардың еңбектерiн талдау, салыстыру арқылы қоғамның әлеуметтiк даму жағдайында патриоттық тәрбие берудiң мүмкiндiгiн анықтау; оқушылармен тестiк жұмыстар мен сауалнамалар жүргiзу; жалпы білім беретін мектептердің, мектеп–гимназиялардың патриоттық тәрбие беруге байланысты тәжiрибесiн жинақтау, салыстыру, талдау, қорытындылау. Зерттеудің пәні: Педагогика, психология пәндері Практикалық жұмыстың маңызы: Ұлттық және жалпыадамзаттық тәрбие ұстанымдарын негiзге алған тәрбие жұмысын ұйымдастыру жүйесi жас ұрпақ бойындағы ұлтжандылықты, Қазақстандық және жалпыадамзаттық патриотизмді қалыптастыруға қосқан бiрден-бiр үлес болып табылады;
1 Әртүрлі өнеркәсіп салаларындағы шудың сипаттамалары..............................4 1.1 Дыбыс пен шудың сипаттамалары......................................................................4 1.2 Адам организміне шудың әсері және оны төмендету, күресу шаралары.....7
2 Жұмыс орындарындағы діріл және оның жіктелуі...........................................11 2.1 Дірілдің адам организміне әсері және оны бағалау.........................................11 2.2 Профилактикалық шаралары............................................................................15
ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................................17 ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..............................................................18
КІРІСПЕ Қазіргі кездегі ғылыми-техникалық прогресс жағдайында өндірістік қарқынды дамуы жаңа, жоғары жұмыс жылдамдықты және қуатты техникалар мен технологиялық жабдықтарың пайдалануға көптеп енгізілуімен тікелей байланысты, бұл шу жүктемесі жоғарылай түсетін еңбек жағдайын қалыптастырады. Шудың өндірістік зиянды фактор ретіндегі әлеуметтік маңызы және одан қоғамымыздың шығындану деңгейі өте жоғары, ол еңбекке уақытша жарамсыздыққа ұшырататын сырқаттылықтың жиілеуінен, жұмысшылардың қажуы нәтижесінде еңбек тиімділігі мен өнім сапасының төмендеуінен, аппараттардың көбеюі мен мамандардың тұрақсыздануынан т.б. қалыптасады. Бірқатар авторлардың (Тулин В.А., Бронникова Г.А., Кадыскина Е.Н. 1989) жинақтап-дәнекерлеу өндірісі мысалына жүргізген есептеулері, шу әсерінен еңбек өнімділігінің 2,7-ке төмендейтінін көрсетті. Басқа авторларың мәліметтері бойынша, шу әсерінен өнімділіктің төмендеуі 2-30 аралығындла ауытқиды. Бірқатар өнеркәсіптерде біз жүргізген зерттеулерден шу деңгейі мен еңбек өнімділігі арасындағы байланыс анықталды, мысалы шу деңгейінің 10 дБ-ге жоғарылауы еңбек өнімділігін 7-ке, ал 20 дБ-ге жоғарылауы 18-ке төмендетеді. Ал енді осы тақырыпқа тереңірек тоқталайық.
ЖОСПАР. I. Бөлім. Жұмысшы күштің халықаралық миграциясы. 1.1 Жұмысшы күштің халықаралық миграциясы және негізгі бағытты. 1.2 Еңбектің әлемдік нарығы және халықаралық миграцияның тиімділігі мәселелері. 2. Негізгі бөлім. II. Бөлім. Жұмысшы күші миграциясының нарықтық салымы. 2.1 Жұмысшы күші тартылудың негізгі орталары. 2.2 Жұмысшы күштерінің халықаралық ауысуының себептері.
1.1 ЖҰМЫСШЫ КҮШІНІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МИГРАЦИЯСЫ: ТАБИҒАТЫ ЖӘНЕ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ Дүние жұзінде белсенді түрде жұріп жатқан өндірістің ин-тернационализациясы жұмысшы Күшінің интернационализациясымен қатар жүруде. Еңбек миграциясы халықаралық экономикалық қатынастардың бір бөлігіне айналды. Мигратциялық ағымдар бір елдер мен аймақтардан екінші елдер мен аймақтарға бет алуда. Еңбек миграциясы белгілі бір проблемаларды туындата отырып жұмысшы күшін қабылдайтын және оны шетке шығаратын елдер үшін белгілі бір артықшылықтарды қамтамасыз етеді. Халықтың жаппай миграциясы XX ғасырдың екінші жартысында әлемдік қоғамдастықтың өміріндегі ерекше құбылыстардың біріне ашылды. Халық миграциясы дегеніміз - тұрғылықты жерін өзгерту немесе оған кайта оралу мақсатында адамдардың белгілі бір территория шекаралары арқылы қозғалуы, ауысуы. Халықаралық миграция әр түрлі формаларда болады: еңбектік, отбасылық, рекреациялық» туристік және т.б. Жұмысшы күшінің халыкаралық нарығы ұлттық шекараларды кесіп өтетін еңбек ресурстарының әр түрлі бағыттарын қамтиды. Жұмысшы күшінің халықаралык нарығы — жұмысшы күшінің ұлттық және аймақтық нарықтарының жиынтығы. Еңбектің халықаралық нарығы еңбек миграциясы формасында болады. Жұмысшы күші митрациясының екі түрлі себебі бар: - экономикалық сипаттағы, - экономикалық емес сиптаттағы. Экономикалық емес сипаттағы себептерге мыналар жатады: саяси, ұлттық, діндік, нәсілдік. отбасылық және тағы басқа.
Кіріспе 1 Екінші дүние жүзілік соғыс қарсаңындағы Ирак 1.1 Ирактың ішкі саяси жағдайы..........................................................................9 1.2 Соғыс қарсаңындағы Ирактың халықаралық қатынастардағы орны.........12
2 Екінші дүние жүзілік соғыс жылдарындағы Ирак 2.1 1941 ж. 1 сәуірдегі Ирактағы төңкеріс және отыз күндік оғыс..................17 2.2 Екінші дүние жүзілік соғыста Ирактың ролі................................................24
3 Ирак үшін екінші дүние жүзілік соғыс қорытындылары........................29
Қорытынды..........................................................................................................33 Пайдаланған әдебиеттер тізімі..........................................................................35
Кіріспе
Екінші дүние жүзілік соғыс 1939 жылы басталып, 1945 жылы аяқ-талды. Бұл соғыс бүкіл адамдардың ең көп қантөгісті соғыстардың бірі. Екін-ші дүние жүзілік соғыста 1,7 млрд. халық пен 61 мемлекет қатысты. Әскерге 1914-1918 жж. қарағанда 40 млн-ға артық, 110 млн. адам шақырылды. Екінші дүние жүзілік соғыста, бірінші дүние жүзілік соғысқа қарағанда 5 есеге артық, 50 млн. адам қаза тапты [1, 315 б.]. Осы соғыс жылдары, дағдарыс кешкен Ирак мемлекеті соғысқа қатысуға ұмтылмады. Иракта ұлт-азаттық көтеріліс әскери түрде басталған кезде, 1941 ж. сәуірде жағдай төмендеді. Қазіргі Ирак мемлекетіне 1920 ж. Осман империясының үш уәлаяты кірді: Басра (алдында одан Кувейт бөлінген), Мосул және Багдат. 1920 ж. сәуірде Сан-Ремодағы конференцияда Ұлттық лига Ұлыбритания Иракты басқаруда мандат шығарған. 1921 ж. Ирак әмір корольдық болып жарияланды. Екі палаталық парламентпен конституциялық монархия түрінде басқару қабылданды. Алайда, алғашқыда бүкіл маңызды министрліктер бритнадық «кеңес» бақылауында болды, ал ізгі шешімдерді британдық жоғары комиссарлар және корольдық әскери-әуен қолбасшы күштерімен шешілді. Саяси билік орындарында бірнеше қалалық қауымдардың және ірі помещик-абсентеистерден қайта құрылған жаңа элитаның қолында шоғырланды. 1932 ж. Ирак формальді түрде тәуелсіздігін алды, бірақ елдің нақты басқарылуы Ұлыбритания посольствасында орналасты. 1933 ж. король Фейсал кайтыс болып, орнына баласы Гази таққа отырған болатын. Мемлекеттің саяси өмірі 1930 жылдары фракциялық күреспен сипатталды, әсіресе 1936 ж. әскери төңкерістен кейін. Король Гази кенеттен 1939 ж. каза болып, оның орнына кәмелетке толмаган баласы Фейсал II таққа отырады, регент Абул Иллах болды. Екінші дүние жүзілік соғыс басталған-нан кейін, сол уакытта ұлтшыл Германияның соғыс жариялауына жол бер-меу үшін, офицерлрдің ұлттық бағытталған позициясы күшті болды. Сол уақытта примьер-министрі генерал Нури Саид болды [2, 76 б.]. Ирактың Англияға қатынасы бойынша екі позициясы болды. Бірінші позициясы, Англиямен ынтымақтастығы автоматты түрде Иракты немістер-дің соққысының астына апарды. Осы позициясының жақтаушылары Англия-мен қарым қатынасты үзіп, бейтарап ұстанымда болуға ынталанды. Екінші жақ - ұлтшыл офицерлер және дін басылар екінші дүние жүзілік соғыстың басталардан алдын өсіп келе жатқан Германияның фашистік қуатпен пайдаланып және соның көмегімен Ұлыбританияның неоколониалистік тұсаудан азат болғысы келді [3, 332 б.]. Англия соғысқа аттанғаннан кейін, Нури Саид Германиямен дипло-матиялық қатынастарын үзеді. Ирактың экономикасы Англия назарының қызметіне қойылған еді. Әскери жағдайды пайдаланып, 1939 ж. 12 қыркү-йекте үкімет оппозицияға қарсы репрессияларды күшейтті. Өздерінің қыз-меттерін және оппозициялық топтарды белсендірді. Әсіресе ирактық армия-ның төрт жоғары басшылары («алтын кадрат») басқарған күреске антиағыл-шындық бағытталған әскери топтар күреске жігерлі қосылды. Англияның Еуропада және Қиыр Шығыста әскери сәтсіздігін пайдаланып, «алтын квадрат» 1941 ж. 1 сәуірде әскери төңкеріс ұйымдастырды. Үкімет басына Рашид Али Аль-Гайлани басшылығы келді. Басшылар- дың қарсыластық ойы әр түрлі болды, соның ішінде мемлекттің Англияға тәуелділігін әлсірету. Бірақ объективті түрде олардың назарлары осьтық державларына жауап берді. Германия және Италия аль-Гайлани үкіметіне әскери көмекті уәделеді. Ағылшын үкіметі Солтүстік Африкада және Қиыр Шығыстағы кернеулі әскери жағдайға қарамастан, Иракқа Үндістаннан 10-шы ағылшын-үндістік дивизиялар жіберілуге бұйрық берді. Бұл дивизияның бірінші бригадасы 1941 ж. 18 сәуірде Ирактың Басра портына түсірілді. Аль-Гайлани үкіметі 1930 ж. ағылшын-ирактық келісімге сәйкес, көнуге амалсыз болды, алайда келесі бригада, бірінші бригадасы ирак-палестиналық шекараға жеткенше бірінші болып тісірілуі талаптанды. Британдық басшылық, Лондоннан келетін бұйрықтарға сүйене отырып, бұл талапты құлаққа аспады және 29 сәуірде Басрада тағы бір бригада түсірілді. Сол күні ирактық әскерлер Хаббаниядағы ағылшындық базаны атқылауға бұйрық алды. Сөйтіп жарияланбаған ағылшын-ирактық соғыс басталды. Нәтижесінде оқулықтарда ол «отыз күндік» болып аталды, өйткені әскери қозғалыстар Иракта 1941 ж. 1 мамырдан 31 мамырға дейін созылды. 1943 ж. 17 қаңтарда Ирак үкіметі Германия және Италияға соғыс жариялайды. Иракта әскери жағдай жарияланды, ол тек 1946 ж. ғана күшін жойды. 1940 жылдар аяғында, яғни, екінші дүние жүзілік соғыстан кейін жалпы қоғамды демократияландыру Иракта жаңа ұлт азаттық қозғалыстардың пайда болуына әкелді. 1946 ж. Иракта азаматтық үкімет қайта орнады, алайда солшыл партияларға тыйым салынып, Нури Саид басшылығымен үкімет консерваторлар қолында болды. Саяси өмірде крестьяндар, жастар белсенді орын алды. Осылардың негізінде 1946 ж. сәуір айында Ирактың Ұлттық-демократиялық партиясы (ИҰДП) ұйымастырылды. 1946 ж. курд халқының назарын қорғаған Курдистанның демократиялық партиясы (КДП) қозғала бастады. Кәсіподақ және Ирак коммунистік партисынның жұмысшы топтарының ролі күшейді. 1946 ж. 23 ақпан күні либериалдық қайраткер Тауфик ас-Сувейди бейбіт уақытының бірінші кабинетін құрайды. Жаңа үкімет мемлекетте әскери басшылықты жойды. Сәуір айында үкімет көпшілік саяси партияларды ресмиледі [3, 332 б.]. Мемлекетте Ұлттық демократиялық партия, Либералдар партиясы, әуелсіздік партиясы, халық партиясы, Курдистанның демократиялық партиясы жұмыс істей бастады, коммунистік партиясы жасырын болып қалды. Жалпы нәтижеде ағылшындардың Хаббаниядағы жеңісі үлкен маңызға ие болды, ол Таяу және қиыр Шығыстағы неміс фашистік экспансиясына шек қойды [4, 24 б.]. Осылайша Ирак пен Англияның келіспеушіліктері нәтижесінде, Ирак екінші дүние жүзілік соғысқа қатысуға мәжбір болды. Сондықтан да бұл мәселені зерттеу, талдау олардың бағыттарына сипаттама беру қажеттілігі қалыптасып, өзекті мәселе болып отыр.
Кіріспе.......................................................................................................................5 1 Балабақшадағы дене тәрбиесі пәнінің құжаттары.......................................... 1.1 Жылдық жоспар графигін құру ережесі..........................................................6 1.2 Оқу жылының тақырыптық жоспарын таңдау.............................................11 2 Дене тәрбиесінің сабақ жоспарының мәні 2.1 Балабақшада оқу жұмысына талдау жасаудың рөлі....................................17 2.2 Сабақтың тиімділігін хронометриялық әдіспен анықтаудың жолдары......................................................................................23 2.3 Балабақшадағы бұқаралық дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық шаралардың тиімділігі пайдалану..............................................26 2.4 Балабақшадағы «Денсаулық» білім беру саласының базалық мазмұнының ерекшеліктері.................................................................................29 Қорытынды...........................................................................................................35 Пайдаланылған әдебиеттер......
Кіріспе Зерттеудің өзектілігі: Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2009 жылы 1 наурыздағы жолдауы. Біріншіден, Үкімет әрбір жоғары оқу орнындағы білім беру сапасын әділ бағалауға мүмкіндік беретін халықаралық деңгейде аттестациялау жүйесін енгізуге тиіс. Жоғары білім беру ұйымдарын халықаралық аккредитациялау үшін беделді агенттіктерді тарту жөнінде де ойланған жөн. Екіншіден, ғылымды құрылымдық реформалау шеңберінде бірқатар академиялық ғылыми мекемелерді алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарымен біріктірген тиімді, мұның өзі білім беру мен ғылыми зерттеу жұмысын ұштастыратын университеттер құруға негіз болар еді. Үшіншіден, үкімет оқытудың мамандандырылған бағдарламалары мен нақтылы және инженерлік ғылымдардың ғылыми–қолданбалы орталықтарын дамыту үшін тиісті нормативтік құқықтық база әзірлеуге тиіс. Төртіншіден, Білім және ғылым министірлігі мен Үкіметтің өзге де тиісті құрылымдары ғылыми-техникалық оқыту технологиясын әзірлеп, ақша қаражатын тиімді пайдалану мен ғылыми және қолданбалы зерттеулердің қосарластығын еңсеру арқылы ғылыми, конструкторлық және технологиялық жұмыстардың салааралық үйлестірілуін нығайту қағидаттары бойынша оның іске асырылуын бақылауға алуы керек. Бесіншіден, біздің шетелдердің мемлекеттік даму институттарын белсендірек тартып, сонымен қатар жеке меншік сектор инвестицияларының математикалық және ғылыми білім беру ісіне құйылуын көтермелеп отыруымыз қажет. Алтыншыдан, біз үшін барынша мүдделілік туғызып отырған білім беру салаларына шетел ғалымдары мен оқытушыларын белсендірек тарту өзіміздің білікті оқытушылар құрамы мен инженер-педагог кадрлардың санын ұлғайту жөніндегі стратегиямыздың құрамдас бөлігі болуы керек. Зерттеудің мақсаттары: Балабақшадағы дене тәрбиесі пәнінің құжаттарын анықтау. Зерттеудің міндеттері: Балабақшадағы дене тәрбиесі пәнінің құжаттарын қарастыру. - Жылдық жоспар графигін құру ережесімен таныстыру; - Оқу жылының тақырыптық жоспары таңдау; - Дене тәрбиесінің сабақ жоспарының мәнін ашу; - Балабақшада оқу жұмысына талдау жасау; - Сабақтың тиімділігін хронометриялық әдіспен анықтау; - Балабақшадағы бұқаралық дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық шаралардың тиімділігі пайдалану - Балабақшадағы «Денсаулық» білім беру саласының базалық мазмұнының ерекшеліктерін айқындау. Зерттеудің пәні: Мектеп жасына дейінгі балаларға дене тәрбиесі пәнін оқыту үрдісі. Зерттеудің обьектісі: Балабақшадағы дене тәрбиесі пәнінің құжаттарын жоспарлауды жасау технологиясын анықтау әдістемесі.
1. Америка Құрама Штаттарындағы либералдық–саяси ағымдар. 2. Томас Джефферсонның саяси – құқықтық көзқарасы. Тәуелсіздік деклорациясы. 3. Джеймс Мэдисонның консерваторлық және либералистік саяси көзқарасы. 4. Фридрих Август фон Хайектің саяси көзқарасы мен идеясы.
ІІІ. Қорытынды.
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Кіріспе.
Америка Құрама Штаттарында әлеуметтік – саяси тарихында қоғамдық – саяси құрылым және құқық мәселелері бойынша идеялық пікір таластардың өзіне тән ерекшеліктерімен сипатталатын екі кезеңді аңғаруға болады. Оның алғашқы кезеңі ХVІІІ ғасырдың басынан бастап ХІХ ғасырдың ортасына дейін созылған отар қоныстардың метрополияға бағыныштылығымен сипатталса, екінші кезеңі тәуелсіздік үшін күреспен айқындалып, ХІХ ғасырдың екінші жартысын қамтиды. ХVІІІ ғасырдың екінші жартысында өздерін штаттар (яеғни мемлекеттер) деп атаған колониялар мен метрополиялар арасындағы шиеленіс салық салу мәселесіне байланысты күшейе түсті. Көптеген публицистер (Д.Адамс, Т. Джефферсон, А. Гамильтон және тағыда басқалары) өздерінің саяси памфлеттерінде барлық отар иеліктеріндегі қоныстанушылар заң шығарушы жиналыста өз өкілдерінің болуы керектігін, өзін-өзі басқару принципін ұстану қажеттігін айтып, отаршылардың саяси талаптарын табиғи-құқықтық негізбен байланыстырды. Азаматтардың табиғи құқығы мен бостандығы туралы бұл ой тек публицистикада (көсемсөзде) ғана емес саяси және конституциялық құжаттарда да мойындалды: Виргиния штаты құқықтарының Деклорациясы (Дж. Мейсон және Дж. Мэдисон, 12 маусым 1776 жыл) және Тәуелсіздік Деклорациясы (Т. Джефферсон, Б. Франклин, Дж. Адамс, 4 шілде 1776 жыл). Тәуелсіздік Деклорациясын 13 штат бірауыздан қабылдады. Табиғи құқық теориясының идеяларын талдау барысында халықтың саяси таңдауы мен дербес өмір сүру құқығының және халық егеменділігінің конституциялық принциптері жарияланды. Теориялық жаңашылдықтың тағы бір маңызды нәтижесі биліктің бөлінісі принципін нақтылау болды. Тәуелсіздік үшін күрес тұсында (1775-1783) штаттардың Конфедерациясы құрылды. Алайда соғыс аяқталысымен штаттардың одағын нығайту және тиімді федералды үкімет құру қажеттілігі туындады. Осы міндетті атқару үшін 1787 жылдың мамыр айында конституциялық Конвент құрылды. Ол барлық сословиелік артықшылықтар мен дворяндық титулдарды жойып, республикалық құрылысты бекітетін, ажыратылған үш билік жүйесін енгізетін федералдық Конституцияның жобасын дайындап щығарды. 1803 жылы Жоғарғы сот өзінің конституциялық бақылау құқығын бекіткеннен кейін американдық революцияның барлық негізгі кезеңдері (тәуелсіздік үшін күрес, жаңа мелекеттік құрылымды қалыптастыру және оны өмірге енгізу) толығымен аяқталды. Демек, Америка Құрама Штаттарында әлеуметтік – саяси тарихында қоғамдық – саяси құрылым және құқық мәселелері бойынша идеялық пікір таластардың түрлері мен Дж. Мэдисон, Т. Джефферсонның саяси идеялар мен ойларының пайда болуына толық түсінік беріп, ашып көрсету маңызды болады. Сонымен қатар, Фридрих Август фон Хайектің саяси ойлары мен идеяларына тоқталып, жалпы мәлімет беремін.