Христиан дінінің пайда болуы туралы тарихын зерттеу, дәлелдемелермен айтады. Көптеген зерттеушілер өз тұжырымдарын, тарихи, археологиялық материалдарға сүйене жасады. Діни сенімдердің, философияның айтуынша, дін Адам-Ата мен Хауа анадан келе жатқан құбылыс делінген. Пайғамбарлар арқылы адамдарға жеткен дін шынайы, болмыстық қалпында келеді және сақтауға мүмкіншілік береді. Христиан діні туралы философиялық көзқарастар арқылы тарихи кезеңдер уақыт өткен сайын дінге түрлі сипаттамалар беріліп келді. Мыңдаған жылдар аралығында діндер өзгеріске түсіп, Алланың шынайы діни болмыстығын жоғалтып келді. Әлемдік діндердің бірі – христиан діні. Ол да пайғамбарлар арқылы берілген діни ұғымдардың өзгеруі арқылы алғашқы қалпын жоғалтып Исаға ғ.с.-ға түскен Інжіл кітабы адамдардың қолымен өзгертіліп жазылды. Інжіл кітабы бұл христиандардың ең қасиетті кітаптары. Христиан діні біздің дәуіріміздің І ғасырының ІІ жартысында Кіші Азияда пайда болды. Бұл дін негізінен тез таралған. Екі ғасыр бойына Рим мемлекеті Жерорта теңізі төңірегіндегі елдерде «жұтып» бітірді. Үздіксіз жүргізілген соғыс жүздеген мың құлдарды қолға түсірді. Екі ғасырлық соғыстың және көтерілсітерді нәтижесінде Рим (империясы) республикасы империяға айналды.. Ол еңбекші бұқараның езілуінің күшеюіне айналып келді. Бұл еңбекші бұқара халықтар көктен көмек күтті. Империяның құрылуына байланысты Рим императорына табынуы күштеп енгізу әрекеті жасалынды. Алайда императорға табыну тек үстем тап өкілдері арасында ғана орын алды. Шығыс ғибадатына келер алдындағы құдай қиналысы, оның қайта тірілуі, о дүниедегі өмірге үміт ету үлкен ролге ие болатын. Жаңа туған христиан діні осы діндерден көп қабылдады. Христиан діні Шығыс ...