Оқыту процесінде оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың педагогикалық шарттары - Басқа тақырыптағы дипломдар - Дипломдық жұмыстар - www.topreferat.kz
Қазіргі қоғамда көптеген ғалым профессорлар оқушылардың танымдық қабілеттерін дамытуда мына мына мәселелерді негізге алады: біріншісі – мазмұнның жаңартылуы, бұрын жария етілген фактілерді жаңаша сипаттау, хабарланып отырған материалға тарихи бағдар беру, ілімнің практикалық мәнін ашып көрсету және ғылымның соңғы жаңалықтарын, табыстарын жүйелі баяндау, екіншісі - өз бетінше істеудің әрқилы түрлеріне негізделген, проблемалық тұрғыдан қолға алған материалды зерттеуге және оқушының шығармашылық, практикалық жұмыстарына бағытталған оқыту тәсілдері, үшіншісі – оқушының қабілеттерін ұштау, мұғалімнің оқушыға көмек беруге дайын тұруға, олардың күш – мүмкіндіктеріне қолдау көрсету қабілеті, талап қоюшылығы мен адалдығы, балаларды көтермелей білу, сондай ақ оқушылардың өзара бәсекесінен көмек көрсете білу қасиеті. Оқушылардың танымдық белсенділігін ізденімпаздылығын арттыру үшін оқу үрдісі оларды қанағаттандыратындай ұйымдастырылуы қажет. «Жүз рет естігенше, бір рет көрген артық» деп бекер айтылмаған. Соңғы кезде теледидардан беріліп жүрген ғасыр көшбасшысы интеллектуалды казтно, жұлдызды сағат т.б. бағдарламаларды әр пән бойынша қолдану әдістемелері баспасөз бетінен орын алып отыр. Осы озық тәжірибелерді әр мұғалім қолдана білсе, оқушылардың өз пәніне деген қызығуын тудырады және танымдық қабілеттерін дамытады. Танымдық қабілет әркімге тән. Қабілетсіз адам болмайды. Адам бәріне де қабілетті бола біледі, тек өз бойындағы қабілеттің алғы ашрты болатын нышандары оята білген жөн. Ал таным дегеніміздің өзі тану сөзінен алынған. Яғни мұндағы танымдық қабілет бұл оқушының қоғам талаптарына сай жеке тұлғаны дамыту. Тек оны дамыта білу әр ұстаздың міндеті. Сондықтан дайын ақпараттық фактілерді, заңдар мен ережелерді беріп қоймай, оқушыларды өз бетінше іздендіретін, алған білімдерін тұжырымдай алатын оқу материалдарын беру қажет. Сонымен бірге мұғалім мен оқушының арасында ұжыдық қарым-қатынас, бір-біріне деген сыйластық болған жағдайда ғана оқыту өз нәтижесін береді. Сонымен бірге оқытушы оқыту әдістерін қолдануда шеберлікпен анализ және синтездеуді тиімді қолданса, оқушылар оқыту әдістерін қолдануда шеберлікпен анализ және синтездеуді тиімді қолданса, оқушылар сабақта жаңа тақырыпты немесе өткен сабақ материалдарын таладап динақтай білсе айтарлықтай нәтиже беретіні сөзсіз. Танымдық әрекет қажеттілік арқылы жүзеге асады. Өзінің тіршілік және рухани қажеттілігін өтеу үшін студент дүниені танып білгісі келеді. Алайда ол өзі үшін ешбір мәні жоқ нәрсеге қызықпайды. Студенттің қызығуымен құндылық бағдары тығыз байланысты. Оқушының қызығуымен құндылық бағдары тығыз байланысты. Оқушы өзі үшін құнды, әрі қажетті нәрсеге мәселен, оқу пәніне қызығады. Кейінен бұл нәрсе оқушы іс-қабілеттері танымдық әрекет арқылы пайда болады. Ал «қызығу дегеніміз - әр қырынан алып қарауға болатын күрделі ұғым. Адамның белгілі бір объектіні ұнатып, білуге ұмтылған іс-әрекетін қуаттандыратын психикалық ерекшелік» деген пікір айтады ғалымдар М. Беляев, Н.Морозова, С.Рубинштейн. Қызығу адамды жаңаны білуге, әрекеттің жаңа әдістерін әздестіруге құмарланады. Сондықтан ...