Музыкалық мәдениет тарихында 17 ғасырды шекара ретінде қарастыруға болады: онда алдағы ғасырлардағы өнер шоғырланды, және бұдан былай жаңа музыкалық жанрлар мен түрлер бас алады. 17 ғасырда шіркеу және сарай музыкасының ұзаққа созылған бөлінісі, салалануы аяқталып, опера жанрының тууы осымен тығыз байланысты. Опера – синтетикалық өнер түрі – театр, поэзия, би, музыканы біріктірген. Опера ықпалы 17 – 18 ғғ. музыкалық шығармашылығына тарады. Оның ішінде аспаптық музыканың жаңа жанрлары пайда болды : увертюра, оркестрлік және балеттік сюита; симфонияда операға драматургия және бейнелер мінезімен ұқсас боп қалыптасты. Тіпті діни музыкаға – оратория мен кантатаға – опералық формалар, вокалдық стильдің концерттігі мен композиция принциптері енді. Опера әрқашанда қауымдық талғамдар, көңіл, керектіктерге сергек елеулеп отырған. Тарихтағы сыну кезеңдерінде, ескі ойлар мен жаңа бағыттардың күрестері саяси - әлеуметтік сипатқа ие болғанда опералық сұрақтар аса актуалды болған. Итальяндық опера Ренессанс өнерінің жайқалып гүлденуінен көп жеміс көрген Италия операның туған жеріне айналды. Операның қалыптасуына 16 ғасырдың нитенсивті музыкалық мәдениеті ықпал етті: сарайлық музыка орындау дамыған формалары, музыкалық – театрлық жанрдың, яғни пасторальдың дамығаны, әнге деген құштарлық. Өзінің аса бай көркем мәдениетімен әйгілі Флоренция опералық өнерінің алғаш бесігіне айналды. Флоренция мектебі. Тарихқа меценат Джовани Барди және оның досы Якопо Корси басқарған ақындар,музыканттар, ғалымдар және өнер сүйерлер тобы (camerata) енді. Камерата қатысушыларын сол кездің художниктері мен ақындарын толғандырған антиканы қайта өркендету идеясы қызықтырды. Ринуччини. Пери. Каччини. Флоренциялық операның негізін қалаушылар – Оттавио Ринуччини (Тассо оқушысы, 1562 - 1621), музыканттар Якопо Пери (1561 - 1633) және Джулио Каччини (1548 - 1618). Алғашқы опера «Дафна» Ринуччини текстімен және Пери музыкасымен ... |