Ағарту дәуірі мәдениеттің жаңа типіне көшуді аяқтады. Жаңа мәдениет Жарық көзін Сенімде емес, Ақыл-парасатта деп білді (француз тілінде «ағарту» сөзі жарық деген мағынада «lumiere»). Әлем мен дүние туралы білімді экспериментке сүйенетін ғылымдар, философия мен реалистік бағытталған өнер беру керек болатын. XVIII ғ. адамдары өз уақытын ақыл-парасат пен ағарту жүз жылдығы деп атады. Шіркеу авторитеттерін және күші құдіретті салттарды дәріптейтін орта ғасырлық түсініктер сынға ұшырады. XVIII ғ. сенімге емес, ақыл-парасатқа негізделген білімге ұмтылыс тұтас ұрпақты қамтыды. Талқылауға жататын барлық заттар, ақыл-парасат құралдарымен айқындалу қажет нәрселер XVIII ғ. адамдарының өзгеше қасиеті болып саналады. Ағарту дәуірінде қазіргі мәдениетке ауысу аяқталды. Өмір сүру мен ойлаудың жаңа бейнесі қалыптасты, яғни мәдениеттің жаңа типінің көркем сана-сезімі өзгерді. «Ағарту» атауы діни немесе саяси авторитеттерге негізделген орныққан пікірді өзгерту мақсатында мәдени және рухани өмір саласында осы ағымның жалпы рухын жақсы сипаттайды. Ағарту білімсіздікті, наным, ырымшылдықты адамзат апаты мен қоғамдық зұлымдықтардың басты себебі, ал білімді, философиялық және ғылыми қызметті, ойлау еркіндігін мәдени және әлеуметтік прогресс жолы деп білді. Қоғамдық теңдік және жеке басының бостандығы идеясын үшінші сословие қолдады, осы сословиеден көптеген гуманистер шықты. Орташа сословие дәулетті буржуазия мен либеральды мамандық адамдарынан құралды, олардың капиталы, кәсіби және ғылыми білімі, жалпы идеялары, рухани ұмтылысы болды. Үшінші сословиенің дүниетанымы ағарту қозғалысында айқын білінді, ол мазмұны жағынан антифеодалдық, рухы бойынша революциялық болды. Эстетикалық санада да радикалды өзгерістер болып жатты. XVII ғ. негізгі шығармашылық принциптер – классицизм мен барокко Ағарту