Абай - ұлттық әдеби тілдің негізін қалаушы - Курстық жұмыс - Курстық жұмыс - www.topreferat.kz
Сәрсенбі, 23.05.2012, 08:09
Бас бет Тіркелу Кіру
· RSS
Меню
Курстық жұмыс
Курстық жұмыс [1934]
Алфавит бойынша
  • Рефераттар
  • Курстық жұмыстар
  • Материалдар
  • Дипломдық жұмыстар
  •   Каталог
    Бас бет » Файлдар » Курстық жұмыс » Курстық жұмыс

    Абай - ұлттық әдеби тілдің негізін қалаушы
    [ Скачать ] [ Жүктеу ] [ Тегін рефераттар ] 25.05.2011, 11:26
    Абай Құнанбаев шығармаларының тілі, қазақ әдеби тілін дамыта түсудегі оның ролі бірсыдырғы зерттеліп, ол туралы құнды-құнды пікірлер айтылуда. Абай қазақтың ұлттық әдеби тілінің негізін қалаушылардың бірі дегенде, ең алдымен, Абай қолданған әдеби тіл, бір жағынан, өзіне дейінгі поэзиялық түрде дамып келген әдеби тілдің жалғасы болғанын, екіншіден, ақын ; ол тілдің сапалық қасиеттерін ұштап, дамыта түсіп, қоғамдық қызметін арттырғанын еске аламыз, сонымен бірге үшіншіден, ол тіл бүгінгі кемеліне келген, даму шынына жеткен ұлттық жазба әдеби тіліміздің басы болып табылатынын негізге аламыз. Сондықтан да Абай шығармаларының шоқтығы бүгінгі поэзия деңгейінен қарағанда да өз қадірін жоймай, сапалық қасиеті айқындала, даралана түсіп, соның арқасында оның поэзиясы көркем сөз шеберлеріне өрелі өнеге, ұлағатты үлгі болып үнемі көріне бермек.
    Білімді адамнан ғана білікті сөз шығады. Ұлағатты ұлы адам ғана елінің өткеніне көз жіберіп, келешегіне қам жеп, болашағын болжай алады. Табиғат берген даналық пен дарындылық, ақыл мен білім, көрегендік пен сезімталдық Абайды халқының данышпан ұлы етті, көркем сөз құдіретінің алыбы етті.Абай, ең алдымен, көркем әдебиеттің, өлең сөздің қоғамдық-әлеуметтік мәні мен қызметінің жан-жақты терең сырын, колданылу жүйесі мен шеңберін, жеке адам өмірінде алатын орынын дұрыс түсініп, оның қоғамдық даму көшіндегі көріністерін кайшылық, жарасымдықтарымен көрсетіп, осының бәрін өз творчествосына рухани азық ете білді.Сөз кестесіндегі әр тілдік-элементтің жалпыға таныс ортақ мәндерімен бірге ішкі мүмкіндік-терін, мағыналық, стильдік жүк көтере алуын терең сезінді, сол арқылы әдеби-көркемдеу тәсілдерінің жаңа үлгілері, түрлері пайда болып, жаңа сөздердің, тіркестердің әдеби айналымға түсу қабілеті мен аясы кеңіді, осы жаңалықтың бағыт жобасын жасай берді. Сондықтан да ол «Өлеңді ермек үшін, жоқ барды, ертегіні термек үшін жазбайтының» ашық та айқын баса көрсетіп, көркем сөз, әдеби тіл арқылы «тіл ұстартып өнер шашуды, наданың көзін емес, көқілін ашуды» мақсат тұтатыңын айтады.
    Сөз қадірін қастерлей білген, сөз құдіретін бар құдіреттен жоғары қоя білген Абай: «Қуаты күшті нұрлы сөз Қуатын біл» Алтынсарин араб жазуы қазақ
    ...
    Категориясы: Курстық жұмыс
    327 рет қаралды
    www.topreferat.kz © 2012
    Іздеу
    Достарымыз
  • Қазақша рефераттар
  • Казахстанские рефераты
  • Рефераттар тізімі
  • Соңғы қосылған жұмыстар
  • Рефераттар 1
  • Рефераттар 2
  • Рефераттар 3
  • Статистикамыз

    Онлайн: 1
    Қонақтар: 1
    Тіркелгендер: 0





    Анализ сайта
    Resurs.kz: сайты Казахстана и раскрутка сайта

    Поиск
    Создать сайт бесплатно