Қазақстан Республикасының қатаң түрде орталықтандырылған жоспарлы экономикадан қағидалы жаңа, мемлекет тарапынан реттелініп отыратын нарықтық экономикаға көшуі елімізде оған қызмет көрсететін барлық институттар мен бірге қаржы рыногының құрылуын талап етті. Қазақстанда қаржы рыногы бұрын соңды болған емес. Қаржы рыногы – бұл ең алдымен дербес эконмикалық категория ретінде бағалы қағаздарды сату мен қайта сату жөнідегі операцмяларда жүзеге асыру жолымен кәсіпорындардың, фирмалардың, банктердің жинақтаушы зейнетақы қорларының, сақтық институттарының, мемелекеттің және халықтың уақытша бос ақшасын жұмылдыруды, бөлуді және қайта бөлуді қамтамасыз ететін нарықтық қатынастардың жиынтығы. Ол нарықтық қатынастар жүйесінің құрамды бөлігі болып табылады және тауар ақша, кредит, сақтық, валюта және басқа рыноктармен етене байланысты. Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайында қаржы рыногы қаржы ресурстарын үздіксіз қалыптастырып отырудың, оларды неғұрлым тиімді пайдаланудың ұлттық шаруашылықта ақша қозғалысын ұтымды ұйымдастырудың айрықша нысаны болып табылады және бағалы қағаздар рыногы, сондай-ақ несие рыногы түрінде де іс-әрекет етеді. Экономикалық әдебиеттерда және шаруашылық практикада қаржы рыногы ұғымы ақша, валюта, кредит, капитал рыногтарын қоса отырып кеңінен түсіндіріледі. Бұл қаржыны жалпы ақша мен құн категориялярына бара-бар категория ретінде қарастыратын практикамен, негізінен дүние жүзілік практикамен байланысты, өйткені экономикалық ресурстардың кез кезген түрі меншіктің титулдары болып табылатын ақша мен немесе бағалы қағаздар мен, басқа құжаттар мен ортақтастырылуы мүмкін