Қазақ әдебиетіндегі мінәжат жанры: ежелгі поэзия мен қазіргі әдебиеттегі көрінісі - Курстық жұмыс - Курстық жұмыс - www.topreferat.kz
Сәрсенбі, 23.05.2012, 08:31
Бас бет Тіркелу Кіру
· RSS
Меню
Курстық жұмыс
Курстық жұмыс [1934]
Алфавит бойынша
  • Рефераттар
  • Курстық жұмыстар
  • Материалдар
  • Дипломдық жұмыстар
  •   Каталог
    Бас бет » Файлдар » Курстық жұмыс » Курстық жұмыс

    Қазақ әдебиетіндегі мінәжат жанры: ежелгі поэзия мен қазіргі әдебиеттегі көрінісі
    [ Скачать ] [ Жүктеу ] [ Тегін рефераттар ] 01.03.2011, 17:57
    Түркі әдебиетінде мінәжат жанрының қалыптасуы
    Әдебиеттану ғылымындағы күрделі де көп анықтамалы ұғымдардың бірі – «жанр» термині. «Жанр» ұғымы аясында әдебиеттің эпос, лирика, драма секілді ірі тектерінің де, олардың ішкі құрамдас бөліктері болып табылатын жанрлық түрлердің де қамтылатыны белгілі. Шығыс әдебиетіндегі жанрлар теориясын зерттеген белгілі әдебиеттанушы И.В.Стеблеваның пайымдауынша, «жанр» ұғымы белгілі бір дәуірдегі белгілі бір мазмұн мен тұрақты түр белгілерін қамтитын, поэтикалық біртұтас жүйесі бар мәтіндер тобын біріктіреді . Өзгермелі тарихи категория ретіндегі «әдеби жанр» ұғымының ерекшелігін айқындай түсетін кезекті анықтаманы татар ғалымы А.М.Шариповтың «Зарождение системы стихотворных жанров» атты еңбегінен кездестіреміз: «Жанр складывается веками, непрерывно изменяется, трансформируется согласно художественно-эстетическим требованиям каждой эпохи и каждой отдельно взятой национальной литературы, и, прожив долгую жизнь, если нет в нем потребности, он может и угаснуть» . Аталған ерекшеліктердің барлығын дерлік қамтитын төл әдебиетіміздегі бірегей құбылыстардың бірі түркі халықтарының әдебиет тарихында елеулі із қалдырған мінәжат жанры болатын.
    Адам баласының өзін жаратушы Құдіретке, тылсым күш иелеріне жалынып-жалбарынуы, жәрдем тілеуі – оның болмысында бар қасиет. Сондықтан мінәжат сөздері мен жырларының адамзат қоғамының алғашқы дәуірінде-ақ пайда болғаны күмән тудырмайды. Қазақ фольклорының ең көне үлгілерінде кездесетін Тәңіріге жалбарыну, рухтардың желеп-жебеуін, тылсым күш иелерінің жарылқауын тілеу мәніндегі шумақтарды мінәжат жырларының ауыз әдебиетіндегі алғашқы нұсқалары ретінде қабылдауға болады. Белгілі жазушы, әдебиет зерттеушісі М.Әуезов «Әдебиет тарихы» еңбегінде алғашқы діни наным-сенімдердің туындауы туралы айта келіп: «Табиғат басшысын қадірлеу, құдайға дұға оқып, жалбарыну әдеті туады. Сонымен жалғас ең әуелгі әдебиет жұрнақтары шығады. Құдайға дұға айтып шұбыртқан тақпақ өлеңдер шығады» деп жазады . Өз заманының ыңғайымен
    ...
    Категориясы: Курстық жұмыс
    185 рет қаралды
    www.topreferat.kz © 2012
    Іздеу
    Достарымыз
  • Қазақша рефераттар
  • Казахстанские рефераты
  • Рефераттар тізімі
  • Соңғы қосылған жұмыстар
  • Рефераттар 1
  • Рефераттар 2
  • Рефераттар 3
  • Статистикамыз

    Онлайн: 6
    Қонақтар: 6
    Тіркелгендер: 0





    Анализ сайта
    Resurs.kz: сайты Казахстана и раскрутка сайта

    Поиск
    Создать сайт бесплатно