Қазақ фольклорының жиналуы ХІХ ғасырдан бастау алады. ХХ ғасырдың бас кезінде көптеген әнші, ақын -әдебиетшілер ел аузындағы фольклор үлгілерін жинап, газет-журнал бетінде, басқа да жинақтарда жариялай бастайды. “Қыз Жібек”, “Қозы Көрпеш – Баян сұлу”, “Қобыланды”, “Алпамыс” жырлары Қазанда жеке-жеке жинақ болып басылады. Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің ауыз әдебиетінің көркем үлгілеріне арналған төрт томдық қолжазбасы болған. М. Сералин “Шаһнаманың” кейбір тарауларын қазақ тіліне тәржімелеп шығады. Сонымен қатар орыс ғалымдарының халық поэзиясын жинауға бағытталған іс-әрекеттері де бұл ғылымның ілгері басуына көп септігін тигізді. Қазақ фольклористикасы ХХ ғасырдың жирмасыншы жылдары айрықша бой көрсетеді. Бұл кезде Ә.Диваев, Х.Досмұханбетов, М.Әуезовтердің қатысуымен қазақтың батырлық жырлары басқа да фольклор туындылары дүркін-дүркін жарық көреді. Москвада Ә.Бөкейханов пен А.Байтұрсынов құрастырған “Жиырма үш жоқтау” (1926) басылса, “Сана”, “Терме”, “Шолпан” журналдарында да фольклор шығармалары жарық көріп тұрады. Отызыншы жылдары қазақтың эпостық жырлары жарық көре бастайды. “Батырлар жыры”, “Алдар Көсе”, “Сексен өтірік” атты жинақтарды айтпағанда, С.Аманжоловтың “Жұмбақтар”, Ө.Тұрманжановтың “Қазақтың мақал мәтелдері” М.Әуезов тапқан “Қозы Көрпеш Баян сұлу” жырының жаңа нұсқасы, айтыстың бірінші кітабы (С.Мұқановтың сөз басымен) басылады. Ертегілер. Халықтың фольклорлық шығармаларының бір мол саласы – ертегілер. Қазақ халқы ертегіге бай елдердің бірі. Қазақ фольклорындағы ертегілердің сан алуан түрлері бар. ХІХ ғасырдан бастап қазақ ертегілерінің ғажап та, көркем үлгілерін В. Радлов, Г. Потанин, И. Березин, А. Алекторов, П. Мелиранский, Ш. Уәлиханов сияқты беделді де белгілі ғалымдар жинап, жариялай бастады. Қазақ фольклорының кейбір нұсқалары “Дала уалияты”, “Айқап”, “Туркистанские ведомости”, “Туркистанкая газета”, т.б. мерзімді баспасөз бетінде жарияланып келді. Қазақ фольклоры Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, А. Байтұрсынов сондай-ақ