Қазақстандағы камералық-аспаптық жанрдың қалыптасуы мен дамуы - Курстық жұмыс - Курстық жұмыс - www.topreferat.kz
Сәрсенбі, 23.05.2012, 08:40
Бас бет Тіркелу Кіру
· RSS
Меню
Курстық жұмыс
Курстық жұмыс [1934]
Алфавит бойынша
  • Рефераттар
  • Курстық жұмыстар
  • Материалдар
  • Дипломдық жұмыстар
  •   Каталог
    Бас бет » Файлдар » Курстық жұмыс » Курстық жұмыс

    Қазақстандағы камералық-аспаптық жанрдың қалыптасуы мен дамуы
    [ Скачать ] [ Жүктеу ] [ Тегін рефераттар ] 04.03.2011, 23:07
    Камералық-аспаптық музыка -өмірдің әр саласын қамтып, тыңдарманға қуаныш сыйлай алатын тамаша құбылыс. Маңыздылығы жағынан алғанда, Қазақстанның камералық-аспаптық музыкасы күрделі жанрлармен иық теңестіретін дәрежеге жетті деуге әбден болады. Қазақстандағы ХХғасырдың 30-жылдарында басталған әлеуметтік жаңару әсерлері ұлттық мәдениетімізге елеулі өзгерістер әкелгені белгілі. Осы жылдары байырғы дәстүрлі өнерді дамытумен қатар европалық үлгімен дамуға бет алған композиторлық шығармашылықтың да іргетасы қалана бастады. Қазақ музыкасының кеңес заманындағы даму кезеңдері халықтық аспаптық және ән фольклорының композиторлық хатпен қосарлана өсуін қамтамасыз етті, бұл ұлттық өнердің тарихи және эстетикалық нормаларына нұқсан келтірген жоқ. Сазгерлердің ұлттық мінездегі жаңаша музыка тудыруға деген тілектері ауызша дамыған салттан мүлде бөлек жанрдың пайда болуына ігі салдарын тигізді деуге болады. Алғашқыда трио, квартет, квинтет, соната түрінде жазылып әрі қарай күй тектес поэмалар (домбыра туралы аңыз. Н.Меңдіғалиев) сияқты күрделі жанрларға ұласқан жаңа сазгерлік шығармашылық камералық күй жанрын дүниеге әкелді, бұл өткен ғасырдың екінші жартысында ұлттық үрдіс пен классикалық өнердің тарихи жарасымынан туындаған әрі сапалы даму дәрежесіне көтерілген үлкен шығармашылық белес болды. ХХғасырдың 30-40 жылдары елімізде алғашқы опералар, симфониялар, аспаптық-камералық музыка және басқа жанрлардың пайда болғаны баршаға белгілі. Ендігі жерде қазақтың кәсіби музыкасының іргетесын берік қалау үшін біршама маңызды істерді меңгерудің тарихи қажеттілігі туындады – олар: европалық музыка жәдігерлерін оқу, оркестр табиғатын игеру, ноталық сауатқа көшу, композиторлық өнердің европалық түрін ұлттық тақырыптармен ұштастыра білу. Ең үлкен ...
    Категориясы: Курстық жұмыс
    143 рет қаралды
    www.topreferat.kz © 2012
    Іздеу
    Достарымыз
  • Қазақша рефераттар
  • Казахстанские рефераты
  • Рефераттар тізімі
  • Соңғы қосылған жұмыстар
  • Рефераттар 1
  • Рефераттар 2
  • Рефераттар 3
  • Статистикамыз

    Онлайн: 5
    Қонақтар: 5
    Тіркелгендер: 0





    Анализ сайта
    Resurs.kz: сайты Казахстана и раскрутка сайта

    Поиск
    Создать сайт бесплатно