Қазақстанның географиялық зерттелу тарихы - Курстық жұмыс - Курстық жұмыс - www.topreferat.kz
Сәрсенбі, 23.05.2012, 08:41
Бас бет Тіркелу Кіру
· RSS
Меню
Курстық жұмыс
Курстық жұмыс [1934]
Алфавит бойынша
  • Рефераттар
  • Курстық жұмыстар
  • Материалдар
  • Дипломдық жұмыстар
  •   Каталог
    Бас бет » Файлдар » Курстық жұмыс » Курстық жұмыс

    Қазақстанның географиялық зерттелу тарихы
    [ Скачать ] [ Жүктеу ] [ Тегін рефераттар ] 01.03.2011, 17:55
    Қазақстан Республикасының аумағы батысында Едiл өз. алабынан шығысында Алтай тауы шыңдарына дейiн, солт-нде Батыс Сiбiр жазығынан (Солт. Қазақстан жазығы) оңт-нде Тянь-Шань тауына дейiн созылып жатыр.
    Еуропа мен Азия елдерi арасындағы қарым-қатынастың көпшiлiгi (керуен жолдары, елшiлiк көштерi, т.б.) ежелгi заманнан-ақ қазiргi Қазақстан аумағындағы жер арқылы өткен. Осыған байланысты Қазақстанның кейбiр табиғи нысандары туралы жазба деректер өте ерте кезден белгiлi болған. Мысалы, Геродот (б.з.б. 5 ғ.) Каспий теңізінiң шығысында шексiз жазық өңiр жатқандығын және оны массагеттердiң мекендейтiндiгiн баяндаған. Птолемей (б.з. 2 ғ.) өз еңбектерiнде Жайық (Dаiх), Жем (Rhymmus) және Сырдария (Jаxаrtеs) өзендерi туралы мәлiметтер келтiрген. 9 — 10 ғ-ларда араб ғалымдары Арал т-не толық сипаттама берiп, картаға түсiрдi және гректердiң Әмудария мен Сырдария өзендерi Каспий теңізіне құяды деген топшылауын терiске шығарып, Арал т-не құятынын анықтаған. Арабтардың сол кездегi деректерiнде Жайық, Жем, Сағыз өзендерi аталған. 13 ғ-да Моңғолияға Италия саяхатшысы Плано Карпини және фламанд саяхатшысы Виллем Рубрук бастап барған елшiлер өздерi жүрген Қазақстан аумағындағы шөл, шөлейт аймақтардың қысқаша сипаттамасын берген. Олар өздерiнiң жеке бақылаулары негiзiнде Каспий теңізінiң тұйық алап екендiгi туралы маңызды геогр. мағлұматтарды жаңартып толықтырған және Алакөл, Балқаш көлдерi, Тарбағатай, Жетiсу Алатауы (Еренқабырға) жайында алғашқы деректер келтiрген.
    15-17 ғасырлардағы Қазақстан туралы географиялық мәлiметтер Ресей әдебиеттерiнде жинақтала бастаған. Бұл мәлiметтер Мәскеу мемлекетiн және оған iргелес аумақтарды бейнелеген “Большой чертеж” (“Үлкен сызба”) картасында жүйеленген. 1627 ж. шыққан “Книга большого чертежа” (“Үлкен сызба кiтабы”) атты еңбекте қазiргi республиканың батыс, оңт. және орт. бөлiктерiнiң бiршама жерлерiне нақтылы сипаттама берiлген. 17 ғасырда Қазақ ордасына және Орта Азия хандықтары жерiне жасалған орыс саяхатшыларының зерттеулерi жиiлей түскен. Олардың Жайық өз. сыртындағы дала туралы мәлiметтерi жинақталып, “Чертеж всей земли безводной и малопроходной каменной степи” (“Бүкiл жерi сусыз, өтуге қиын тастақты дала сызбасы”) деген атпен жарық көрген (1697). Бұл туынды С.Ремезов жазған “Чертежная книга Сибири” (“Сiбiрдiң сызба кiтабы”) атты орыстың тұңғыш геогр. атласы құрамына енген. Мұнда Қазақстан аумағының көпшiлiк бөлiгi қамтылған. 18 ғ-дыҢ 30-жылдарынан 19 ғ-дыҢ 60-жылдарына дейiн созылған Ресейдiң Қазақстанды отарлау үрдiсi оның аумағының геогр. зерттелуiнiң сипаты мен барысына әсерiн тигiзбей қоймады. Бұл кезеңде жаңа қосылған аумақтарда орыс мемлекетi билiгiн орнату және нығайту мақсатына сай көптеген арнаулы әскери және ғыл. экспедициялар ұйымдастырылды
    ...
    Категориясы: Курстық жұмыс
    216 рет қаралды
    www.topreferat.kz © 2012
    Іздеу
    Достарымыз
  • Қазақша рефераттар
  • Казахстанские рефераты
  • Рефераттар тізімі
  • Соңғы қосылған жұмыстар
  • Рефераттар 1
  • Рефераттар 2
  • Рефераттар 3
  • Статистикамыз

    Онлайн: 5
    Қонақтар: 5
    Тіркелгендер: 0





    Анализ сайта
    Resurs.kz: сайты Казахстана и раскрутка сайта

    Поиск
    Создать сайт бесплатно