Қазақстанның оқу-ағарту жүйесі - Курстық жұмыс - Курстық жұмыс - www.topreferat.kz
Сәрсенбі, 23.05.2012, 08:42
Бас бет Тіркелу Кіру
· RSS
Меню
Курстық жұмыс
Курстық жұмыс [1934]
Алфавит бойынша
  • Рефераттар
  • Курстық жұмыстар
  • Материалдар
  • Дипломдық жұмыстар
  •   Каталог
    Бас бет » Файлдар » Курстық жұмыс » Курстық жұмыс

    Қазақстанның оқу-ағарту жүйесі
    [ Скачать ] [ Жүктеу ] [ Тегін рефераттар ] 17.03.2011, 18:17
    Оқу-ағарту жүйесi. Қазақстан жерiнде, әсiресе, оның отырықшы аудандарында орта ғ-лардың ерте кезеңiнде-ақ (7 — 8 ғ.) көптеген мектептер (мұсылманша бастауыш оқу орны) мен медреселер, дiни бiлiм беретiн ортадан жоғары оқу орындары жұмыс iстей бастаған. Ертедегi Исфиджаб, Тараз, Сайрам, Түркiстан, Отырар, т.б. қ-лардағы медреселер саны 84-ке жеткен. Оларда 5 мыңға жуық шәкiрт бiлiм алған. Ауылдық мектептер кең-байтақ өлкенiң түкпiр-түкпiрiне орналасқан. онда молдалар (татар, башқұрт, т.б.) ұстаздық еткен. Оқыту ақысы халықтан жиналды. Балалар қыс, күз айларында ғана (жылына 4, не 6 ай) оқыған. Оқу мерзiмi 4 жыл, оқуға жетi жастан бастап қабылданған, кейбiр ауылдық жерде 7 — 9 жастағы балалар бiрге оқи берген. Оқу ақысы заттай төленген, жыл аяғында емтихан тапсыру, мектеп бiтiргенi үшiн балаға ресми куәлiк беру тәртiбi сақталмаған.
    Сауат ашу жолы араб әрiптерi мен сөздерiн жаттауды, әсiресе құранның араб тiлiндегi мәтiнiн жатқа бiлудi мақсат еттi. Қалалардағы медреселерде ислам дiнiн уағыздайтын бастауыш мұсылман мектептерiнiң молдаларын, казиларды, дiндар сопылар мен шариғат заңдарын түсiндiретiн жоғары лауазымды дiн қызметшiлерiн даярлаған. Ол мұсылманшылық рәсiмдерiн таратушы оқу орны ғана емес, iрi мәдениет орталығы ретiнде де қызмет атқарды. Белгiлi ақындар, тiптi ағартушы-демократ ретiнде танылған қазақ зиялыларының бiразы осындай медреселердi тамамдаған. Мыс., орта ғ-дағы Отырар медресесiнде қазақ жерiнiң ұлы перзентi, Шығыс Аристотелi, екiншi ұстаз атанған Әбу Насыр әл-Фараби бiлiм алды. Берiректе Уфадағы “Ғалия” медресесiнде Т.Жомартбаев, М.Сералин, Б.Майлин, М.Жұмабаев, Семейдегi Ахмет Риза медресесiнде Абай Құнанбаев оқыды. Бұл оқу орындарында дiн жолын уағыздайтын пәндерден басқа заңтану, тарих, логика, риторика, география, философия, математика, астрономия, медицина, т.б. зайырлы пәндер оқытылған. Медреселердiң жанында кiтапханалар болды. Оқу мерзiмi шәкiрттiң алғырлығына, үлгерiм қабiлетiне байланысты болған. Оқуды тамамдаған шәкiрттерге ресми құжат табыс етiлдi. Киiз үйлерде оқытатын мұсылман мектептерi ауылдармен бiрге көшiп-қонып жүрген. Бай саудагерлердiң қаржыларына салынған қала медреселерi ғана арнаулы үйлерге ...
    Категориясы: Курстық жұмыс
    129 рет қаралды
    www.topreferat.kz © 2012
    Іздеу
    Достарымыз
  • Қазақша рефераттар
  • Казахстанские рефераты
  • Рефераттар тізімі
  • Соңғы қосылған жұмыстар
  • Рефераттар 1
  • Рефераттар 2
  • Рефераттар 3
  • Статистикамыз

    Онлайн: 6
    Қонақтар: 6
    Тіркелгендер: 0





    Анализ сайта
    Resurs.kz: сайты Казахстана и раскрутка сайта

    Поиск
    Создать сайт бесплатно