ҚАЗЫБЕК БИ КЕЛДІБЕКҰЛЫ - Курстық жұмыс - Курстық жұмыс - www.topreferat.kz
Сәрсенбі, 23.05.2012, 08:56
Бас бет Тіркелу Кіру
· RSS
Меню
Курстық жұмыс
Курстық жұмыс [1934]
Алфавит бойынша
  • Рефераттар
  • Курстық жұмыстар
  • Материалдар
  • Дипломдық жұмыстар
  •   Каталог
    Бас бет » Файлдар » Курстық жұмыс » Курстық жұмыс

    ҚАЗЫБЕК БИ КЕЛДІБЕКҰЛЫ
    [ Скачать ] [ Жүктеу ] [ Тегін рефераттар ] 01.03.2011, 17:55
    Келдібекұлы Қазыбек би (1665-1765) - қазақтың Тәуке, Болат, Сәмеке, Әбілмәмбет, Абылай хандары тұсында мемлекет басқару ісіне араласқан мемлекет және қоғам қайраткері, Әз Тәуке хан құрған «Билер кеңесінің» мүшесі, атақты шешен, Орта жүздің төбе биі, «Жеті жарғы» аталатын заңдар кодексін шығарушылардың бірі. Шыққан тегі Орта жүздің Арғын тайпасының Қаракесек руынан.
    Қазыбектің анасы Тоқмейіл ұтымды да тапқыр сөздерді көп білетін зерек кісі болыпты. Анасы айтқан есті сөздерді кішкентай күнінен жаттап өскен ол ер жете келе өзі де солай сөйлеуге машықтана бастайды. Осы өнерінің арқасында бала биден дана биге айналып, «қара қылды қақ жарған Қаз дауысты Қазыбек би», «алты алаштың ардағы» деген атаққа ие болады. Содан болар Тәуке хан мемлекет тұтастығына жарықшақ түсірмей, халықты бірлікте ұстау үшін үш жүзді өзінен шыққан үш биге билету арқылы басқарғанда, Орта жүзге осы Қазыбек биді тағайындайды. Ол ел басқару ісіне араласып, Қазақ хандығының ішкі сыртқы саясатына елеулі ықпал жасап отырады.
    Жоңғар басқыншылығына қарсы халық күресін ұйымдастырушылардың бірі болған Қазыбек би елдің азаттық алуы жолында аянбай тер төгеді. Абылай сұлтан жоңғарлардың қолына тұтқын болып түсіп қалғанда, оны босатып алуға белсене араласады. Сондай ақ ол Ресей, Бұхара, Хиуа мемлекеттері арасындағы еларалық мәселелерге де араласып, бейбітшілік пен достықты дәріптеуші мәмілегер болған, аразды татуластырып, алысты жақындастырып отырған.
    «Елдестірмек елшіден, жауластырмақ жаушыдан» деп, ол елшілік қызметті де мінсіз атқарған тұңғыш дипломат. Оның тұңғыш рет он сегіз жасында елшілікке атшы болып барып, басшы болып қайтқаны ел аузында әлі күнге аңыз болып айтылады.
    XVIII ғасырдың алпысыншы жылдарында Чиң империясы Қазыбекті өз жақтарына тарту мақсатымен оған елші жіберіп, мол сыйлықтар тартады. Бірақ ол Қытайдың қол астына қарауға қарсы болады. Сөйте тұрып, Абылайды Чиң империясымен тығыз қарым қатынас жасауға шақырады
    ...
    Категориясы: Курстық жұмыс
    176 рет қаралды
    www.topreferat.kz © 2012
    Іздеу
    Достарымыз
  • Қазақша рефераттар
  • Казахстанские рефераты
  • Рефераттар тізімі
  • Соңғы қосылған жұмыстар
  • Рефераттар 1
  • Рефераттар 2
  • Рефераттар 3
  • Статистикамыз

    Онлайн: 8
    Қонақтар: 8
    Тіркелгендер: 0





    Анализ сайта
    Resurs.kz: сайты Казахстана и раскрутка сайта

    Поиск
    Создать сайт бесплатно