БАЛҰСТАҰЛЫ ЕСБАЙ - Курстық жұмыс - Курстық жұмыс - www.topreferat.kz
Сәрсенбі, 23.05.2012, 08:57
Бас бет Тіркелу Кіру
· RSS
Меню
Курстық жұмыс
Курстық жұмыс [1934]
Алфавит бойынша
  • Рефераттар
  • Курстық жұмыстар
  • Материалдар
  • Дипломдық жұмыстар
  •   Каталог
    Бас бет » Файлдар » Курстық жұмыс » Курстық жұмыс

    БАЛҰСТАҰЛЫ ЕСБАЙ
    [ Скачать ] [ Жүктеу ] [ Тегін рефераттар ] 03.03.2011, 18:29
    Музыканың тілі - дыбыс. Әрине, жай ғана дыбыстар жиынтығы емес, белгілі бір әлеуметтік ортаның талғам-танымында реттеліп, жүйеленген дыбыс, әуен-сазға айналған дыбыс. Олай болса, әсіресе, дәстүрлі музыканың мән-мағынасын (семантикасын) жоруда сол музыкалық мұраны дүниеге келтірген әлеуметтік ортаның талғам-танымы түпнұсқалық баға болып табылады. Ал, туасы бөлек былайғы жұрттың бағасында, сөз жоқ, субьективтілік бел алып жатады. Демек, музыканың тілі ортақ деп келетін алып-қашпа пікір ұшқарылау айтылған. Бір ұлттың (этностың) сөйлеу тілін екінші бір ұлт өкілінің түсіне бермейтіні сияқты, белгілі бір ұлт музыкасының «тілі» де өзгелер үшін бар бол мысы мен ішін аша бермейді. Белгілі бір ұлттың музыкасы туралы келесі бір ұлт өкілінің мүлде басқаша жорулар айтатыны әлемдік музыка тарихында жиі кездесетін құбылыс. Мұның негізгі сыр-себебі музыканың да этникалық тілінің болатындығында.
    Сөйте тұра, белгілі бір ұлттың шын мәніндегі мазмұнды музыкасы өзгені де бейтарап қалдырмайтыны шындық. Нағыз шедевр музыканың эстетикалық-эмоциялық әсері этникалық шекараларды көктей өтіп, әрбір тыңдаушының талғам-танымымен тіл табысып жатады. Ал, әрбір тыңдаушының талғам-танымын қалыптастыратын әлеуметтік орта, түптеп келгенде, белгілі бір этникалық төлтүмалықпен сабақтас. Демек, өнер болмысында ғана емес, өнерді танып-түсінушінің де болмысында этникалық қасиет бел алып жатады. Себебі, кез-келген басы жұмыр пенде әкесі мен шешесінің перзенті болумен бірге, белгілі бір этностың да мүшесі болып табылады.
    Сөз жоқ, этникалық шекараларды көктей өтіп, әр түрлі ұлт өкілдерінің талғамына татыған музыкалық шығарманың айтары айқын, тілі бай. Ондай музыканың өнбойынан әркім өзіне керегін тауып, рухына ләззат алып, сол музыкамен өзінің тағдырын сабақтастыра алады...
    Осынау ойдың жосығы қазақтың әйгілі күйші-композиторы Балұстаұлы Есбайдың (1842-1910) музыкалық мұрасына ден қойғанда айқындала түседі
    ...
    Категориясы: Курстық жұмыс
    124 рет қаралды
    www.topreferat.kz © 2012
    Іздеу
    Достарымыз
  • Қазақша рефераттар
  • Казахстанские рефераты
  • Рефераттар тізімі
  • Соңғы қосылған жұмыстар
  • Рефераттар 1
  • Рефераттар 2
  • Рефераттар 3
  • Статистикамыз

    Онлайн: 7
    Қонақтар: 7
    Тіркелгендер: 0





    Анализ сайта
    Resurs.kz: сайты Казахстана и раскрутка сайта

    Поиск
    Создать сайт бесплатно