Ғылым эволюциясы Ғылым адамға өз өмірін сақтап калу үшін қажетті білім негізінде пайда болды. Адам шөптерді қоректену және дәрі-дәрмек ретінде пайдалануды үйреніп, жануарлардың мінезін бақылап, оларды қолға үйретті, рудамен тәжірибе жасап, әртүрлі металдарды балқытып шығаруды үйренді. Табиғатпен алуан түрлі тәжірибе жасау барысында адам өзінің өмірін ыңғайлы етуге бағытталған көптеген әдіс – айланы ойлап тапты. Қазіргі замандағы біз ыңғайлылық, денсаулық және ойын - сауық үшін былай қарағанда өзінен өзі болуы керек сияқты көрінетін заттар мен құбылыстар ғылымның арқасында пайда болған. Қазіргі заманда ғылым түсінігінде, адамзат баласының жүріп өткен жолдары көрсетіледі және адамның қалыптасуының құралдары мен әдістері болып табылған, ғылымның тарихи – мәдени құбылыс ретінде пайдалануының нысандары көрініс тапқан. Ғылыми эволюцияның білімді жинауға, сақтауға және ұрпақтан ұрпаққа беруге себеп болған басты фактордың бірі болып жазбаның ойлап табылуы болды. Шумерлердің пиктографиялық жазбасы б.э.д. 3200 ж.ж. бұрын пайда болды. Б.э.д. 3000 ж.ж. Египетте иероглифтік жазба деген атқа ие болған жазбаның жаңа жүйесі пайда болды. Бұл жүйеде әріпті, дыбысты және сөздерді белгілеу үшін символдар пайдаланылған. Б.э.д. 2800 ж. бұрын шумерлердің көршілері болған вавилондықтар, ассириялықтар мен парсылар пиктографиялық жазуды ұшты жазбаға (клинопись) айналдырды. Ақырында б.э.д. 1300 ж. бұрын Сирияда ең алғашқы алфавит жасалып шығарылды. Онда 32 әріп болды, әріптің әрқайсысы белгілі бір дауысқа сәйкес болды. Көне гректер осы жазба жүйесін қабылдап, ол кейін латын алфавитінің негізі ретінде қолданылды. Көне әлемде білімнің жеткіліксіздігінен табиғат күштері құдайдың құдіретті күші делініп, табиғатты зерттеушілер құдайдың абыздары деп саналды. Египеттегі астрономдар деп аталған осындай адамдар күнді аса үлкен сағат деп санап, ай мен жұлдыздардың орналасуына қарай, Ніл өзенінің тасу уақытымен көптеген мерекелерді тойлау мерзімдерін анықтап отырды. 365 күннен тұратын ең алғашқы календарды египет ...