Домбыра - қазақтың жаны. Ол тар жол, тайғақ кешу жолдарын бастан өткерген қазақ тарихын парақтауға негiз бола алады. Ұлтымыздың болмысына куә болған әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлерiне жан бiтiрiп, оның құнды қалпын сақтауға негiз болғанын көремiз. Бұл мақалада домбыра өнерiн сақтап, қорғап, дамытып, насихаттау шараларымен қатар, оның шығу тегi турасынан да ой салады. Домбыра бойында байқала бермейтiн пәндiк сапаларды айқындай түседi. Сахна төрiнде орындаушының еркiндiк қалпы туралы ой қозғалады және құлағын бұрап келтiру кезiнде байқалатын адамның төрт түрлi психологиялық мiнезiн ашатын құбылыстар сөз болады. Ғасырлар қойнауында қалыптасқан музыкалық-эстетикалық асыл мұраларды домбыра аспабы жеткiздi. Күй мен оның әңгiмесi қоса өрiлiп, домбыра мен аңыз қатар өрбiдi. «...Алғашқы рулық замандағы бiр адам (батыр, мерген) аңда немесе жорықта жүрiп, өзiнiң басынан кешкен бiр оқиғаны руластарына айтып беруi мүмкiн. Бұл жай әңгiме. Оны естiген адамдар ендi басқа бiреулерге айтады, айтқанда өз жанынан желi қосуы да мүмкiн. Ал одан естiген кiсi тағы бiреуге айтады, ол да өзiнше баяндайды. Сөйтiп, алғашқы жай әңгiме хикаяға, бiрте-бiрте аңызға айналады. Бiраз уақыт өткен соң ол аңыз бiршама көркемделiп, әпсана-хикаятқа айналуы мүмкiн. Мiне, бұл өмiр шындығына тiкелей қатысы бар...» дейдi белгiлi ғалым С. Қасқабасов. Аңыз әңгiменiң рухын күй сарыны күшейте түссе, күйлердiң сарыны аңызды әсерлеп жеткiзуге ықпал ете алады. Домбыра бар жерде қазақ халқының тiлi, өнерi, тарихы бiрге жүредi. Домбыра аспабының философиясын ашуда аңыз-әңгiмелердiң желiсiне сүйенуге болады. «Ертеде бiр хан қызының кедей жiгiтпен көңiл жарастырғанын сезiп қалады да жiгiттi дереу дарға астырады. Екi қабат болып қалған қыз мезгiлi жетiп босанады. Оны аңдыған мыстан кемпiр егiз баланы көз көрмес, құлақ естiмес, алыс жерге апарып, жап-жасыл үлкен бәйтерек басына ұлды батысқа, қызды шығысқа қаратып iлiп кетедi. Сәбилердiң көз жасы тамған бәйтерек солады, жүрегi тоқтаған нәрестелермен бiрге ағаш та қуарады. Қаңқу әңгiме халық арасында жата ма, оны естiген қыз егiзiн iздеп, жолға ...