Етістіктің лексика-грамматикалық сипаты - Курстық жұмыс - Курстық жұмыс - www.topreferat.kz
Сәрсенбі, 23.05.2012, 21:20
Бас бет Тіркелу Кіру
· RSS
Меню
Курстық жұмыс
Курстық жұмыс [1934]
Алфавит бойынша
  • Рефераттар
  • Курстық жұмыстар
  • Материалдар
  • Дипломдық жұмыстар
  •   Каталог
    Бас бет » Файлдар » Курстық жұмыс » Курстық жұмыс

    Етістіктің лексика-грамматикалық сипаты
    [ Скачать ] [ Жүктеу ] [ Тегін рефераттар ] 17.03.2011, 18:16
    Етістік - қазақ тіліндегі сөз таптарының ішіндегі ең күр- делілерінің бірі. Оның күрделілігі лексика-семантикалық сипатынан, грамматикалық формалары мен категорияларының көптігінен, синтаксистік қізметінен айқын көрінеді. Етістіктің осындай сан кырларын зерттеуге арналған еңбектер аз жазылмаса да, оның грамматикалық категория ретіндегі барлық ерекшелігі танылып, толық зерттелді деуге бола қоймас. Өйткені етістіктің лексика- семантикалық сипатын, грамматикалық ерекшеліктерін зерттеуде толықтыра түсуді қажет ететін тұстар, сондай-ақ жекеленген мәселелердің төңірегінде ала-кұла пікірлер де кездеседі.
    Қазақ тіліндегі етістік түбірі - нақтылауды қажет ететін сондай тұстардың бірі.
    Түбір - сөздің әрі қарай бөлшектеуге келмейтін мағыналы түпкі бөлшегі екені белгілі. Етістік түбірінің өзіндік ерекшеліктері оның лексика-грамматикалық сипатынан туындайды. Қазақ тіліндегі етістіктің түбірі сыртқы тұлғасы жағынан бұйрық райдың 2 жақ жекеше анайы тұлғасымен сәйкес келеді. Сол себепті қазақ тілі грамматикаларында, оқулықтарда, арнайы зерттеу еңбектерінде «етістіктің түбірі- бұйрық райдың 2 жағы» деп, екеуінің арасында тепе-теңдік белгісі қойылады. «Бұйрық мағына түбір етістіктің өзінде берілген, сондық-тан бұйрықтың қай жаққа қатысын білдіру үшін етістікке тек жіктік жалғау жалғанады.» Қазақ тілінде етістіктің бастапқы түрі бұйрық райдың 2 жақ жекеше түріне ұқсас болып саналады. Әрине, бұл екеуі екі басқа тұлға екені айқын, алайда көріністері бірдей. Бұйрық райдың арнайы көрсеткіші болмағасын түбірге сәйкес келетіндей сыртқы көріністе ғана болады.
    «Етістіктің морфологиялық белгілері мынадай: етістіктің түбірі 2 жақтың бұйрық райы болады да, оның басқа түрлері оның осы формасына қосымшалар қосылу арқылы жасалады. Яғни оның морфологиялық категориялары бұйрық райдан өрбіп жатады: оқы-р, -йтын, -ғалы, -й, -ған, -ып, -с, -ды т.б.
    Етістік түбірін арнайы зерттеген А.Хасенова етістік түбірі туралы былай дейді: «Түбір сөз немесе түбір тұлға деп аталатын термин тұрғысынан келгенде, етістіктің басқа сөз таптарынан өзіндік ерекшелігі бар. Ол мейлі негізгі я туынды түбір (біт, өкін, өйтіп, өйтпегенде) дара я күрделі (біліп ал) тұлғаларда келгенмен, шақ, рай, т.б. грамматикалық категориялардың белгілі мағыналарында
    ...
    Категориясы: Курстық жұмыс
    328 рет қаралды
    www.topreferat.kz © 2012
    Іздеу
    Достарымыз
  • Қазақша рефераттар
  • Казахстанские рефераты
  • Рефераттар тізімі
  • Соңғы қосылған жұмыстар
  • Рефераттар 1
  • Рефераттар 2
  • Рефераттар 3
  • Статистикамыз

    Онлайн: 31
    Қонақтар: 31
    Тіркелгендер: 0





    Анализ сайта
    Resurs.kz: сайты Казахстана и раскрутка сайта

    Поиск
    Создать сайт бесплатно