Антик құл иеленушілік қоғамның ыдырауы бір кезде Рим империясымен біріккен Солтүстік Америка және Орта Азиядағы сансыз көп тағы тайпалардың көшуіне жол ашты (ирландықтар, славяндар, арабтар, монғолдар, түріктер). Осы тайпалардың негізінде орта ғасырлық феодалдық мемлекеттер және қазіргі заманның европалық халықтары құрылды. Орта ғасыр әдебиетінің тууы мен дамуына үш ең басты фактор әсер етті: халық ауыз әдебиеті, антик әлемі және христиандық дін. Батыс Европада үстемдік алған варвар халықтарда сол кезде өздерінің өте жақсы дамыған поэзиясы болған. Сол поэзия кейінгі Европа әдебиетінің негізін салды. Ежелгі поэзияның бір түрі – еңбек өлеңдері. Бұл өлеңдер еңбек процесін қостайтын әр түрлі дыбыстардан пайда болған. Еңбек өлеңдерінен әдет-ғұрып өлеңдері өріс алды. Орта ғасыр әдебиетінің алғашқы дамуына католиктік шіркеу үлкен әсер етті. Сол кездегі бірнеше әйгілі әдеби жанрлар шіркеу әсерімен туған: діни гимндер мен өлеңдер, әулиелер өмірі, таурат парафразалар тағы да басқалар. Шіркеу ішінде діни драма да туды. Орта ғасыр әдебиетіне едәуір әсер еткен екінші ірі фактор – антик әлемі (өнер мен әдебиет). Алғашқы кезде германдық жаушылар антик мұраның барлығын жойды. Бірақ және мәдениетті құру үшін негізгі материал керек болды. Үлгі ретінде жойылған антик мұраның қалдығын жинау басталды. Мемлекеттік заң және жоғарғы әкімшіліктің тілі ретінде латын тілі қабылданды. Орта ғасыр әдебиетінің дәуірге бөлінуі сол кездегі Европа халықтарының қоғамдық дамуының кезеңдерімен бірыңғай келеді: 1) рулық қоғамның ыдырауы және феодалдық қатынастардың пайда болу кезінің әдебиеті, 2) өркендеген феодализмнің әдебиеті. Бірінші дәуір шамамен Х ғасырдың аяғына дейін созылады. Әр түрлі халықтардың