Ұзындығы 18 метрге созылған хабарлама үш тілде – ескі парсы, бабыл және жаңа элам тілінде жазылған болып шығады. Мұндай үш балама мәтіннің қатар жүруі оны оқып шығуды оңайлатады. Бехистун жазуы ежелгі Персия тарихын зерттеуде оған дейінгі барлық археоло¬гиялық зерттеулер мен антикалық заман авторларының еңбектерінің бәрін қосқандағыдан артық пайда түсірді. Бір кездегі ассирия-бабыл жазуларын жетілдіруден туған бұл ескі парсы жазуы ассирия-бабыл тарихы жайында солардың шет-шебірін көріп қалған гректерден гөрі де көбірек мәлімет берді. Ең бастысы, бұл Алдыңғы Азия халықтарының бірінен біріне көшіп мұра болып келе жатқан ортақ жазудың түп бастауы жайында батыл ойларға бастады. Ассирия-бабыл¬дан бұрын да сына жазуы болған деген тұспал туады. Ол халықты 1869 жылы 17 қаңтарда фран¬цуз ғалымдары отырысында Жюль Опперт шумер деп атайды. Чех ғалымы, Бедржих Грозныйдың айтуынша, “ең ежелгі жазу – бабыл жазуы. Ғайса тумастан 300 жыл бұрын ойлап табылған. Мысыр жазуының пайда болуына әсер еткен. Онымен ассириялықтар, хуриттер, хеттер және ханаан тұрғындары пайдаланған. Оның өзгерген түрін Урарту мен Элам қолданған. Ол кезде аморитяндар (франкиялықтар) мен парсылар өз жазуларын шығарған. Бабыл жазуын әуелде шумерлер ойлап тапса керек. Оларды бабыл семиттері мен акадтар үйренген”. Шумер елі біздің жыл санауымызға дейінгі 3000 жылдықта Ефрат өзенінің қойнауына орналасқан. Шумер халқының тегі әлі жұмбақ. Анық-танық қайдан келгені де белгісіз. Тілі өз төңірегіндегі ежелгі халықтардың ешқайсысына ұқсамайды. Олардың көпшілігі көп буынды сөз¬дер¬ден тұратын болса, шумер сөздері көбінесе бір буынды сөздерден тұрады. Кейбір ғалымдар шумерлер бұл жазуды бұрынғы көшіп келген жағынан бірге алып келген деп те санайды. Ен¬деше, оның жазуы Алдыңғы Азияның халық¬тарына қалайша кеңінен тарап жүр? Біздіңше, тілдік-этностық туыстықтан болмаса керек. Шумер жазуының соншама мәшһүр болуы, сол кездегі шумер мәдениетінің жетекші орын иеленуіне байланысты болса керек. Олар иленген саз балшықты әрқилы қалыпқа түсіретін аяқпен теппе зырылдауықты, диірменді, соқаны, доңға¬лақты, желкенді қайықты, мыс, қола құйма¬ла¬рын,