ГӘККУ - Курстық жұмыс - Курстық жұмыс - www.topreferat.kz
Сәрсенбі, 23.05.2012, 21:25
Бас бет Тіркелу Кіру
· RSS
Меню
Курстық жұмыс
Курстық жұмыс [1934]
Алфавит бойынша
  • Рефераттар
  • Курстық жұмыстар
  • Материалдар
  • Дипломдық жұмыстар
  •   Каталог
    Бас бет » Файлдар » Курстық жұмыс » Курстық жұмыс

    ГӘККУ
    [ Скачать ] [ Жүктеу ] [ Тегін рефераттар ] 13.03.2011, 13:33
    Қай заманда қазақ үшін ән өнердің ұшар басында тұрды. Көшпелілердің сахнасын өлеңмен ашу ата дәстүрі болса, сол рухани азығымыздың өрісі өрлеп, өркендей түсті. Сұлу саз, көркем сөз, асқақ ән дегенде, қазақтың сал-серілерінің бейнелері көзге елестейді. Бұл орайда әңгіме қозғалса сексен көлі толқыған аққулы өлке Есіл-Көкше еске түседі. Сол асыл өңірді әнмен көмкерген Сегіз сері, Шал ақын, Нияз сері, Біржан сал, Ақан сері, Үкілі Ыбырай әндері халқымыздың мәңгі өшпес рухани азығына айналды. Бұл жолы қазақтың ақтангер ақыны, ұлы композитор, өз заманында алдына жан салмаған әнші Үкілі Ыбырайдың бүкіл шығармашылық әлемін түгелімен қозғамай, “Гәкку” атты әні жайлы ғана ой өрістетпекпін.
    Гәкку – арман, Гәкку – тағдыр, Гәкку – қазақ өнерінің сөнбес жұлдызы. Гәкку 1934 жылы (либреттосын Ғабит Мүсірепов жазған) Е.Брусиловскийдің “Қыз Жібек” операсындағы Жібектің ариясы болып жарқ етті. Бұл ария бүкіл операның музыкалық негізгі әуенін, басты сарынын құрады. 1936 жылы Мәскеуде өткен қазақ өнерінің онкүндігінде Жібектің рөлінде ойнаған бұлбұл үнді Күләш Байсейітова “Гәккуді” бірінші рет орындап, КСРО халық әртісі атанды. Гәкку деген ән жұлдызы мен Күләш деген әншіліктің жұлдызы қатар жанды. Күләштің де, “Гәккудің” де атақтары айға жеткендей ұлттық өнер өрісі кеңейді. Қазақ деген өз атын жаңа иемденген халықтың әні — “Гәкку” әлемдік өнердің биік өресіне көтерілді.
    Халық ақыны, Үкілі Ыбырайдың төл шәкірті, тамаша әнші Молдахмет Тырбиев “Гәккуді” айтқанда ерекше толғанатын. Әсіресе, қайырмасын қырық құбылтқанда естір жанды естен танғандай балқытып әкететін де, атақты ұстазының әншілік әлеміне апаратын. “Гәккуді” орындаушылар аз болған жоқ, олардың ішінде үздік орындап, қалыбына дәлме-дәл түсіруші ақиық ақын, асқақ әнші Иса Байзақовтың айтуымен нотаға түсірілген. Молдекең Күләш айтқан “Гәккуді” қуаттап, Иса ағамызға да алғысын айта отырып: “Ұлы ән ұшқыр қалпында, аққу-қаздың қаңқыл-саңқылындай құс үнімен үйлесіп, түпнұсқадан аумапты, тек қана Е.Брусиловскийдің операға икемдеп қайырмасын қанаттандыра түсетін сәл-пәл қосымшасы бар”, – дейтін. Үкілі бабамыздың аруағы қолдап, бұл
    Категориясы: Курстық жұмыс
    209 рет қаралды
    www.topreferat.kz © 2012
    Іздеу
    Достарымыз
  • Қазақша рефераттар
  • Казахстанские рефераты
  • Рефераттар тізімі
  • Соңғы қосылған жұмыстар
  • Рефераттар 1
  • Рефераттар 2
  • Рефераттар 3
  • Статистикамыз

    Онлайн: 33
    Қонақтар: 33
    Тіркелгендер: 0





    Анализ сайта
    Resurs.kz: сайты Казахстана и раскрутка сайта

    Поиск
    Создать сайт бесплатно