ІЛИЯС ЕСЕНБЕРЛИН - Курстық жұмыс - Курстық жұмыс - www.topreferat.kz
Сәрсенбі, 23.05.2012, 21:26
Бас бет Тіркелу Кіру
· RSS
Меню
Курстық жұмыс
Курстық жұмыс [1934]
Алфавит бойынша
  • Рефераттар
  • Курстық жұмыстар
  • Материалдар
  • Дипломдық жұмыстар
  •   Каталог
    Бас бет » Файлдар » Курстық жұмыс » Курстық жұмыс

    ІЛИЯС ЕСЕНБЕРЛИН
    [ Скачать ] [ Жүктеу ] [ Тегін рефераттар ] 17.03.2011, 18:20
    Ілияс Есенберлин 1915 жылы Ақмола облысындағы Атбасар қаласында туған. 1940 жылы Қазақ тау-кен институтын бітірген. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Соғыстан кейінгі жылдарда филармонияны, "Жазушы" баспасын басқарады, т.б. жұмыстар атқарады. Жазушы Алматыда дүние салды. Қазақ әдебиетінде І. Есенберлин- жазған романдарының саны ең көп аса көрнекті жазушылардың бірі. Жазушы "Айқас" (1967), "Ғашықтар" (1968), "Алтын құс" (1971), "Көлеңкеңмен қорғай жүр" (1974), "Маңғыстау майданы" (1978), "Аманат" (1978), т.б. романдарымен оқырман назарын өзіне аударды.
    Тарихи романдары. Есенберлиннің нағыз жазушылық орнын белгілеген шығармалары — "Қаһар", "Алмас қылыш", "Жанталас" атты тарихи романдары.
    Тарихи романдар деп өткен тарихтың маңызды оқиғаларын қайта жаңғыртып, оларды көркем түрде баяндайтын романдарды айтады. Жазушылар тарихи романда тарихты жаңғыртумен шектеліп қоймай, адамгершілік, психологиялық, мәдени мәселелерді біртұтас көтеруге көңіл бөледі.
    Жазушы I. Есенберлин өзінің тарихи трилогиясында қазақ елінің ХҮ-ХІХ ғ.ғ. тәуелсіздік үшін табанды күрестерін көркем суреттейді. Осы жолдағы қыруар қиындықты, ішкі қайшылықтарды, адам қатынастарын, олардың әрекеті мен мінез құлықтарын, сырт жаулармен шайқаста шыныққан бірлікті, дәстүрді, салт-сананы көрсетеді Тарихи жазба деректерге, шежіре мағлұматтарына, аңыз әңгімелерге сүйене отырып, қаламгер қазақ халқының тарихының аса маңызды тұстарын ашып, көптеген тарихи қайраткерлердің көркем тұлғасын жасайды.
    "Алмас қылыш" романы — XV ғ. оқиғаларынан аса көп мағлұматтар бере алады және ол оқиғалардың жылнамалық реті сақталған. Сол себепті де оны роман-хроника деп атауға болады. Роман-хроника болғандықтан, онда көптеген тарихи оқиғалардың тізбегі басым келуі — жанрлық заңдылық.
    "Алмас қылыш" романында Дешті Қыпшақтың (бұрынғы қазақ елінің бір атауы) қаһарлы ханы Әбілхайырдың кезінде қазақ руларының қазақ хандығы қол астына топтасуы, бір жағы — Әбілхайыр, екінші жағы — Жәнібек,
    Категориясы: Курстық жұмыс
    320 рет қаралды
    www.topreferat.kz © 2012
    Іздеу
    Достарымыз
  • Қазақша рефераттар
  • Казахстанские рефераты
  • Рефераттар тізімі
  • Соңғы қосылған жұмыстар
  • Рефераттар 1
  • Рефераттар 2
  • Рефераттар 3
  • Статистикамыз

    Онлайн: 27
    Қонақтар: 27
    Тіркелгендер: 0





    Анализ сайта
    Resurs.kz: сайты Казахстана и раскрутка сайта

    Поиск
    Создать сайт бесплатно