Қазақ халқында “Алмас қылыш қап түбінде жатпайды” деген тамаша бір сөз бар. Ен даланы еркін жайлаған халқымыз бес ғасыр бойы ат үстінен түспей, жаугер¬¬шілік заманды бастан кешірді. Қос бүйір¬ден аждаһадай ысқырынған қытай мен аюдай ақырған орыс қысқанда, лажсыз¬дан соңғысының қолтығына кіріп, бодан болды. Қала берді кешегі кеңестік дәуірде қитұрқы қызыл идеологияның құрсауына түсіп, жетпіс жыл бойы ұлттық құнды¬лықтарын, тілін, ділін, қасиетті дінін сақ¬тап қалу жолында жанкешті¬лік¬пен ар¬палысты. Жылжып жылдар өтті. Қай¬та оралудың ұлы кезеңі туды. Бары¬мызды түгендеп, жоғымызды жоқтай бас¬тадық. Нә¬тижесінде, тәуелсіз еліміздің аспанын¬да ояну дәуірі атанған кезеңде өз халқына барын арнаған, сол жолда жан¬дарын пида еткен асыл тұлғаларымыздың үлкен бір шоқ жұлдыздары қайтадан жар¬қырай көрінді. Солардың бірі де бірегейі, қатал да қатыгез тағдырдың ноқтасына басы сыймай өткен, заманында қазақ даласына атағы кең жайылған атақты да қас ба¬тырлардың бірі – Иманжүсіп Құтпанұлы. Елінің азаттығы үшін арпалысып өткен Иманжүсіп бабамызды Арқа мен Сыр өңірінің телқоңыр перзенті десек, артық айтқандық емес. Иманжүсіп Құт¬панұлы Қоқан хандығына қарсы азаттық күресте қазақтардың көсемі ретінде танылған Тұрғанбай датқаның немересі болғанымен, пешенесіне ерекше тағдыр бұйырып, Арқа топырағына кіндігімен байлануының өзі жатқан бір үлкен тарих. Иманжүсіптің атасы Тұрғанбай датқа жайлы әңгімеде айтылғанындай, 1821 жылғы қанды оқиғадан кейін, Шашты қыпшақтың Құтым тармағынан тарайтын Сіргебай әулетіне бірі қалмай құрып кету қаупі төнгені белгілі. Осы қауіпті сезген Тұрғанбай датқаның әйелі Мәлике бір жасар ұлы Баймырза мен Тұрғанбайдың бес жасар інісі Басықараны алып қашып, Қаратаудың Өгізмүйіс деген жерін пана¬лайды. Екі баламен алысқа ұзай алмасын сезген соң өз ұлы Баймырзаны тасалау жерге жасырып, қайнысы Басықараны ертіп, Арқаға бет алады. Айдалада жасы¬ры묬ған, мойнында аманат белгісі бар шит¬тей жас баланы Қыр мен Сырдың арасына жиі қатынап жүрген керуеншілер ішіндегі Дайрабай ...