Программалау барысында көптеген бір типті есептеулерге бірнеше бір-біріне ұқсас программа фрагменттерін қайта-қайта жазуға тура келеді. Осындай да артық жұмыс жасамай, барлық есептеулерді бір ғана фрагмент ішінде орныдау үшін, көмекші программалар-процедуралар мен функциялар қолданылады. Мысалы программа орындалу барысында бірнеше рет ұқсас есептеулер кездессе, онда есептеу блогын бір ақ рет көмекші программаға жазып қойып, программаның кез-келген нүктесінен көмекші программаны шақырып, осы блок арқылы есептуді шығаруға болады. Сонымен көмекші прграммалар деп программаның орындалу барысында бірнеше рет шақырылып орындалып тұратын операторлар блогын тұратын көмекші бөлігін айтады. Көмекші прграммалар стандартты және пайдаланушылар көмекші программалары болып екіге бөлінеді. Стандартты функциялар мен процедуралар Turbo Pascal тілінің құрамында тұрақты системалық атпен аталып орындалады. Оларға арнаулы USES пайдаланушылар библиотекасында орналасқан – SYSTEM, CRT, GRAPH, GRAPH3, OVERLAY, PRINTER, TURBO3, TURBO VISION модульдерінің барлық функциялары мен процедуралары жатады. SYSTEM модулінің процедуралары мен функциялары Turbo Pascal программасымен бірге автоматты түрде іске қосылады, сондықтан оны пайдаланушылар бөлімінде көрсетпесе де болады. SYSTEM модулінің өзге модульдердің процедуралары мен функцияларын қолдану үшін программаның басында міндетті түрде олардың аттарын USES пайдаланушылар бөлімінде көрсетіп кету керек, мысалы: PROGRAM KOMEK; USES Graph, Crt; Graph, Crt модульдеріндегі стандартты процедуралар мен функцияларды программада пайдалану үшін ашу. Стандартты функциялар мен процедуралар көбісі бұдан бұрынғы бөлімдерде программалар құруда пайдаланылады, мысалы ... |