ХХ ғасырдың ұлы жырауы - Курстық жұмыс - Курстық жұмыс - www.topreferat.kz
Сәрсенбі, 23.05.2012, 21:44
Бас бет Тіркелу Кіру
· RSS
Меню
Курстық жұмыс
Курстық жұмыс [1934]
Алфавит бойынша
  • Рефераттар
  • Курстық жұмыстар
  • Материалдар
  • Дипломдық жұмыстар
  •   Каталог
    Бас бет » Файлдар » Курстық жұмыс » Курстық жұмыс

    ХХ ғасырдың ұлы жырауы
    [ Скачать ] [ Жүктеу ] [ Тегін рефераттар ] 13.03.2011, 13:34
    Жүз жыл өмірінің сексен бесін өлеңмен өткізген Жәкең – екі ғасырдың куәсі ғана болған жоқ. Оның жүз жылғы өмірі, шындап келгенде, екі ғасырға тең еді. Өйткені, Жамбыл тарихта сирек кездесетін, мүлде қарама-қарсы екі заманды көрді, қайшылыққа толы, күнгейі мен көлеңкесі тепе-тең жақсылығы мен жамандығы қатарлас екі дәуірді бастан кешті. Ол Қазақ хандығының жойылғанын, елінің отарлыққа түскенін, қазақ даласына Ресейдің әкімшіл-отаршыл басқару жүйесін орнатқанын, сонымен қатар, көрші жатқан Қоқан хандығы мен қырғыз манаптарының қазақ ауылына жасаған жаугершілігін көрді. Бұлар ғана емес – Жамбылдың көргені. Ол өз жеріне орыс казактары мен шаруаларының қоныстанып, жергілікті мал баққан қазақ жұртының шөлді аймаққа қуылғанының куәсі болды. Қазақстанда кеңес өкіметінің орнауы, ақ пен қызылдардың соғысы, атамандар мен комиссарлардың лаңы, кәмпескелеудің зорлықпен жүзеге асқаны, ең ақыры, “халық жауларының” ұсталуы мен жазалануы, – бәрі-бәрі оның көз алдында өтті. Сол себепті, Жамбылдың “Кең жатқан байтақ-ұлан шежіремін, тарихтың домбырасын қолына алған”, – деп айтуы тегін емес. Осы көргені мен білгенінің бәрін Жәкең өз поэзиясына арқау еткен, оны бірде жырау болып, бірде жыршы ретінде, бірде ақын болып жырлаған, толғаған, суреттеген.
    Жамбылдың майталман ақын болып қалыптасуы тек Жетісу ақындық мектебінің ауқымында болған жоқ. Ол өзіне дейін ертеде өмір сүрген атақты жыраулардың, өзімен қатарлас айтулы ақындар мен жыршылардың мұрасын, күллі халық поэзиясын толық меңгерген, игерген, өз шығармашылығына өзек еткен.
    Ілгеріде Шөже, Балта заманда өткен,
    Асекең, Бұқар жырау арманда өткен.
    Солардың аруағы маған қонып,
    Ел мұңын жырмен толғап, нөсерлеткен,

    – дейді Жәкеңнің өзі Досмағамбетпен айтысқанда. Ал, “Замана ағымы” толғауында:
    Замана деп толғанған,
    Ел қайғысын қолға алған
    ...

    Категориясы: Курстық жұмыс
    118 рет қаралды
    www.topreferat.kz © 2012
    Іздеу
    Достарымыз
  • Қазақша рефераттар
  • Казахстанские рефераты
  • Рефераттар тізімі
  • Соңғы қосылған жұмыстар
  • Рефераттар 1
  • Рефераттар 2
  • Рефераттар 3
  • Статистикамыз

    Онлайн: 31
    Қонақтар: 31
    Тіркелгендер: 0





    Анализ сайта
    Resurs.kz: сайты Казахстана и раскрутка сайта

    Поиск
    Создать сайт бесплатно