Екі және одан көп компьютерлер заттай қосылғанда компьютерлік желі пайда болады. Комьютерлік желі аумақтық жағынан бытыраңқы орналасқан пайдаланушыларға бірдей программаларды, жалпы ақпараттық және ақпараттық ресурстарды қолдануда өзара ақпарат алмасуға мүмкіндік береді. Компьютерлік желі бір-бірімен қатынаса алатындай арнаға қосылған,компьютерлік және басқа электронды жабдықтарды іске қосуға қажетті барлық ақпараттық және программалық қамтамасыз ету кіреді. Желі басқа құрылғылармен өзара әрекеттесетін құрылғылар станциялар, тораптар немесе желілік құрылғылар деп аталады.Тетіктер саны екіден бастап мыңдаған санға жетеді. Бір рангілі желілер.Желі тораптары бірдей коммуникациялық функцияларды орындауда,олар тең деп аталады.Осындай тораптар арасындағы қатынастар әдетте бір рангілік деп аталады. Бір рангілік жүйелердің маңызды ерекшелігі бар.Олар арнайы программалық қамтамасыз етуге мұқтаж. Оларға қарама- қайшы жұмыс станциялааы немесе клиенттер деп аталатын көптеген компьютерден тұратын желілер болады,олар іс жүзінде сервер деп аталатын бір немесе бірнеше компьютермен ғана айырбасталады. Сервер- басқа компьютер-клиентке (жұмыс станциясына) қызметін ұсынатын компьютер. Сервердің көмегімен басқа компьютерлер серверге қосылған принтерлерге,факстарға, серверде тұрған мәліметер базасына жетеді. Желілердің типтері. Есептегіш желілерді көбіне қамтыған географиялық ауқым мөлшеріне байланысты үш негізгі типке бөледі.Шағын ауқым әдетте жергілікті есептеу желісі(Local Area- Lan)терминімен байланыстырылады. Үлкен ауқымдар-аймақтық есептеу желісі. (Metropolitan Area Network-MAN)және ғаламдық есептеу желісі.(Wide Area Network-WAN) терминдерімен байлансты. Компьютерлік желінің барлық түрлерін тағайындау екі функциямен анықталады: ...