КОНСТРУКЦИЯЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ - ӘДЕБИЕТТІ ОҚЫТУДЫҢ ӨНІМДІ ЖОЛЫ - Курстық жұмыс - Курстық жұмыс - www.topreferat.kz
Сәрсенбі, 23.05.2012, 21:49
Бас бет Тіркелу Кіру
· RSS
Меню
Курстық жұмыс
Курстық жұмыс [1934]
Алфавит бойынша
  • Рефераттар
  • Курстық жұмыстар
  • Материалдар
  • Дипломдық жұмыстар
  •   Каталог
    Бас бет » Файлдар » Курстық жұмыс » Курстық жұмыс

    КОНСТРУКЦИЯЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ - ӘДЕБИЕТТІ ОҚЫТУДЫҢ ӨНІМДІ ЖОЛЫ
    [ Скачать ] [ Жүктеу ] [ Тегін рефераттар ] 03.03.2011, 18:30
    Соңғы кезде еліміздің білім беру ісінде түбірлі өзгерістер болып жатқаны мәлім. Соның ішінде ең бастысы, әлемдік білім кеңістігіне ену мақсатындағы алғашқы қадамдар. Білім стандартының жасалуы, басқа да жүріп жатқан реформалар күрделі, қиын, қарама-қайшы белестерді ақырын-ақырын артқа сап, жылжып келеді. Бұл қасиетті істерді мұғалімге қойылар талап та ерекше болып отыр. Мемлекеттік білім саясаты да осы мұғалім арқылы жүзеге аспақ. Ал бүгінгі таңда мектептің, мұғалімнің ең қасиетті міндеті – рухани бай, жан-жақты дамыған жеке, дарынды тұлға қалыптастыру. Рухани байлық ең алдымен әр халықтың ұлттық әдет-салты, әдебиет, мәдениеті, өнері, шыққан түп тамырында жататыны белгілі. Сол ұлттық байлықты бүкіл адамзаттың өз ұрпағын тәрбиелеудегі, білім берудегі озық ұстанымдарымен байланыстыра отырып, әр баланың қабілеті, талантын ашу, өзіне-өзінің сенімін нығайтып, өзіне-өзінің жол ашуына түрткі жасау – міне, бүгінгі білім беру, тәрбие ісінің басты міндеті. Әр мұғалімнің алдыңғы сәулелі мұраты - өз пәнінен білім беріп қана қоймай, әр баланың «менін» ашу, сол «менді» шығармашылық тұлғаға жетелеу.
    Шығармашылық дегеніміздің өзі ізденімпаздықтан туады. Бұл жерде ұлы дана Абайдың сөзі еріксіз ойыңа оралады.: «Өзіңе сен, өзгені сүйреп шығар».
    Баланың өзіне деген сенімін туғызу, өзінен шығармашылық қасиет, қабілет іздете білу, өмірден өз орнын тапқыза білу қаншалықты қиын екені түсінікті. өзіне-өзі таба алмай, өз мүмкіндіктерін дұрыс пайдалана алмай, өзін-өзі тұншықтырып жүргендер, басқа жолға түсіп адасушылықтың негізгі себебі, ең алдымен, бір кездегі ұстаздары, мектебінде жатқан жоқ па деген сауалдардың мұғалімдерді ойлантқаны жөн.
    Технология оқытудың тың әдістемесі немесе мүлде жаңаша жолдарын қарастырады деген түсінік артықтау. Оқыту мен тәрбие беру үрдістері ешқандай «науқандық», өтпелікті көтере алмайтыны белгілі. Керісінше, адамзат баласының өз ұрпағын оқыту, тәрбилеудегі ең озық, тиімді ізденістерін, тәжірибелерін жалғастырып, тағы да тың жолдар іздеу,
    Категориясы: Курстық жұмыс
    162 рет қаралды
    www.topreferat.kz © 2012
    Іздеу
    Достарымыз
  • Қазақша рефераттар
  • Казахстанские рефераты
  • Рефераттар тізімі
  • Соңғы қосылған жұмыстар
  • Рефераттар 1
  • Рефераттар 2
  • Рефераттар 3
  • Статистикамыз

    Онлайн: 33
    Қонақтар: 33
    Тіркелгендер: 0





    Анализ сайта
    Resurs.kz: сайты Казахстана и раскрутка сайта

    Поиск
    Создать сайт бесплатно