Қазақстан Республикасы мемлекеттік саясатының әлеуметтік-мәдени дамуы жөніндегі тұғырнамасында Республикада тұратын барлық халықтар мәдениетінің өзіндік ерекшелігіне тиісті көңіл бөлінетіндігі және кез келген мәдениет қайталанбас, теңдесі жоқ қазына екендігі, сондай-ақ, белгілі бір халықтың өзін дүние жүзіне сол арқылы толық танытатыны айтылған. Сонымен қатар, бұрынғы өткен өзіндік мәденидәстүрлерін еске түсіру, есте ұстануына, одан рухани қуат алып, өзіндік жасампаздық үрдісін тыныту үшін оған басқа мәдениеттердің белгілерін шеберлікпен өз бойына дарытуға мүмкіндік беретіні көрсетілген. Халықтық мәдениеттердің өзіндік ерекшеліктерін мойындай келіп, Қазақстан халықтары мәдени қазыналарының бірлігі қалыптасатынын ескеріп, мемлекет барлық халықтардың мәдени мұраларын сақтап, қорғайтыны, мәдениеттердің теңдігін және әрбір халықтың өз мәдени ерекшелігін орнықтыру, сақтау және дамыту құқығынқамтамасыз ететіндігі тұжырымдалған. Әдебиет пен мәдениеттің, өнер мен ғылымның белгілі қайраткерлеріне музей ашу біздің республикамыздың мәдени-әлеуметтік өмірінде орныққан дәстүрге айналды. Атын атап, түсін түстеп, санамалап жатпай-ақ қояйық, музейлердің қарасы еліміз тәуелсіздік алғаннан бергі онжылдықта біршама өсті. Мұның сыры неде? Әрине, экономикалық дағдарыстар, жұмыссыздық, мәдени ошақтардың басына бұлт үйірілуі – мүның бәрі де нарықтық экономиканы нақты даму жолы ретінде таңдаған елдердің әуелде тұмсық соққан тығырықты өткелдері екені анық. Тәуелсіздікке қолымыз жеткен алғашқы жылдарда қаншама қиындықпен ашылған ауылдағы қазақ мектептері қайта жабылып, кітапханалар, мәдениет үйлері мен клубтар жұмысын тоқтатып жатқан кездерде экономикалық дағдарыстар енді рухани дағдарыстарға ұшыратын болды ғой деп уайым шеккенбіз. Мәдениет ошақтарының басындағы мүшкіл хал