Мағжан Жұмабаевтің шығармаларындағы тақырыптық идеялық негізі - Курстық жұмыс - Курстық жұмыс - www.topreferat.kz
Сәрсенбі, 23.05.2012, 22:00
Бас бет Тіркелу Кіру
· RSS
Меню
Курстық жұмыс
Курстық жұмыс [1934]
Алфавит бойынша
  • Рефераттар
  • Курстық жұмыстар
  • Материалдар
  • Дипломдық жұмыстар
  •   Каталог
    Бас бет » Файлдар » Курстық жұмыс » Курстық жұмыс

    Мағжан Жұмабаевтің шығармаларындағы тақырыптық идеялық негізі
    [ Скачать ] [ Жүктеу ] [ Тегін рефераттар ] 17.03.2011, 18:19
    Жиырмасыншы ғасырдың басын¬дағы қазақ ойшылдарының көзқарас¬тары терең демократиялық және гума¬нистік сипатта болды. Олардың шығар¬маларында жалпыадамзаттық маңызға ие философиялық мәселелер — адам¬ның болмысы мен еркіндігі, өмір¬дің мәні, дін мен еркіндіктің арақатынасы, т.б. мәселелердің де көтерілгенін атап айтуымыз керек. Қазақ ойшылдары адам бойындағы даралық қасиетке ерекше мән берді, кез келген кісіге қайталанбас жаратылыс жұмбағы ретін¬де қарады, адам мен ұлттың тарихтағы рөлін дұрыс бағалай білді. Филосо¬фиялық мә¬селелерді ізгілік пен қарау¬лық аясында қарастырып, дүниета¬ным¬дық ойларын этикалық бояумен астастыра бейнеледі.
    Дәл осы кезеңде ғұмыр кешкен ең көрнекті қазақ ақын¬дарының бірі Мағжан Жұмабаев поэзия аспанын өзінің құдай берген жарқын таланты¬мен ерекше шұғылаға бөледі. “Өлеңнің тілге жеңіл, құлаққа жылы тиюін Абай да іздеген, — деп жазады Жүсіпбек Аймауытов өзінің 1923 жылғы “Мағ¬жан¬ның ақындығы туралы” деген мақа¬ласында, — Абай да сөздің ішін мә¬нерлеп, тонын сұлу қылуға тырысқан, бірақ дыбыспен сурет жа¬сауда, сөздің сыртқы түрін әдемілеуде Мағжанға жеткен қазақ ақыны жоқ... Олай болса, ақындық жүзінде Абайдан соңғы әде¬биетке жаңа түр кіргізіп, соңына шәкірт ерткен, мектеп ашқан күшті ақын Мағжан екенінде дау жоқ”.
    Ал қазақ халқының тағы бір кемеңгер перзенті Мұхтар Әуезов 1927 жылы “Еңбекші қазақ” (қазіргі “Егемен Қазақстан”) газетінің сауалдарына қайтарған жауабында “Мағжан — мәдениеті зор ақын... заманнан басып озып, ілгерілеп кеткен ақын бо¬лады... Сондықтан бүгінгі күннің бар жазушы¬ларының ішінен ке¬лешекке бой ұрып, артқы күнге анық қалуға жарайтын сөз Мағжан сөзі. Одан басқамыздікі күмәнді, өте сенімсіз деп біле¬мін” деп жазады.
    Бұдан біз көзі тірісінде-ақ Мағжан Жұмабаев жырларының қазақ халқы, тек қазақ халқы ғана емес-ау, бүкіл түркі әлемі зиялы қауымының санасы мен сезімін жаулап алып, аймақтық, тіпті, әлемдік мәдениеттегі ерекше құбылысқа айналғанын байқаймыз. Шынымен-ақ, Мағжан шығармаларын¬да айтылатын қағидалар мен ойлар, ақын жүрегін мазалаған
    ...
    Категориясы: Курстық жұмыс
    197 рет қаралды
    www.topreferat.kz © 2012
    Іздеу
    Достарымыз
  • Қазақша рефераттар
  • Казахстанские рефераты
  • Рефераттар тізімі
  • Соңғы қосылған жұмыстар
  • Рефераттар 1
  • Рефераттар 2
  • Рефераттар 3
  • Статистикамыз

    Онлайн: 24
    Қонақтар: 24
    Тіркелгендер: 0





    Анализ сайта
    Resurs.kz: сайты Казахстана и раскрутка сайта

    Поиск
    Создать сайт бесплатно