СҮЛЕЙМЕНОВ Олжас Омар-ұлы (18.5.1936 ж. т., Алматы) — ақын, қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы (1992). ҚазМУ-ды (қазіргі ҚазҰУ, 1959), Мәскеудегі М.Горький атынд. Әдебиет ин- тын бітірген. 1962 — 84 ж. "Казахстанская правда" газетінде, "Простор" журналында бөлім меңгерушісі, "Қазақфильм" киностудиясыңда сценарийлік-редакциялық алқаның бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағы баскармасының хатшысы, ҚР Кинематография жөніндегі мемл. к-т төрағасы қызметтерін атқарған. 1972 жылдан Азия мен Африка елдері жазушыларымен байланыс жөніндегі к-ттің, 1989 — 95 ж. Халықар. "Невада — Семей" қозғалысының төрағасы болды. 1995 жылдан Қазақстанның Венгриядағы, кейін Италиядағы төтенше және өкілетті елшісі. Түңғыш өлендер жинағы "Арғымақтар" 1961 ж. жарық көрді. Олжас С. шығарм-ның алғашқы кезеңі (1961 — 65) жалынды рухқа толы болды, ол тұстағы шығармалар мазмұнынан қоғамдық дағдарыс пен руханият мәселесін, жаман мен жақсының тайталасын, қоршаған орта мен адам табиғатының сырын ашуға, үлт тарихының тереңнен тартқан тамырын тануға деген ұмтылысты байқауға болады. Оның алғашқы поэтик. туындылары қоғамда үлкен резонанс туындатты. "Адамға табын, Жер, енді" поэмасы (1961, Қазақстан Ленин Комсомолы сыйл., 1964) ғарышкер Ю.Гагариннің ғарышқа ұшу «өтіне арналған, онда аспан кеңістігін бағындырған адамзат санасының салтанат кұруы марапатталған. 60-жылдардың орта тұсынан бастап Олжас С. шығарм-нда жаңа түр ізденістері, эпик. суреттеулер, шығармаларының сан түрлі жанрды қамтуы, сөз бен оның дыбысталуына ерекше мән беру, сөз өнері мәселелерінің түптамырын көне дәуірдегі тарихи кезеңдерден іздеу мәселелері орын алды. Осы тұста акынның "Қыш кітап" (1969), "Кактус", "Өлмейтін құмырсқа" поэмалары дүниеге келді. 70-жылдардың ортасынан ақын шыгарм-ндағы басты тұжырым, негізгі бағыттар дами түсті, оның поэзиясы бейнелілігімен, филос. тереңдігімен, астарлы ирониясымен ерекшеленді. Бұл кезеңнің басты шығармасы — "Көгершін кітап" еңбегінде алдыңғы туындыларында бой ...