Ұлы ұстаз Қожа Ахмет Иассауидің өз халқына қызмет етуге ұмтылысы оның мәні өшпес, ойгілі мұрасы "Диуани хикмет" (Ақыл, даналық кітабы) атты жинағынан айқын көрініс берді. Ол халық даналығы мен оған түсінікті тәрбие туралы идеяларды қорытыңдылай келе, оларды ерекше бейнемен өзгертті және халықтың өзіне кайтарды. Мүнда халықтың болашаққа мазасыздықпен қарауы, адамгершілік сабақтары қызметін атқарған сол тарихи зерденің өзі, орындалуы бүгінгі күні де мағыналылығын жоймаған келешек ұрпаққа өсиеттер бар. "Көшпелі жартылай көшпелі қыпшақ, оғыздардың тұрмыс-тіршілігін, көзқарас-танымын ескере отырып, сол жұрттың өз тілінде төгілте жырлаған, араб тіліңдегі кұран мен шариғат заңдарын өлеңмен сипаттап берген"13 бұл шығарма, сонымен бір мезгілде педагогикалық аса көрнекті туынды екендігі күмән туғызбайды. Автор тәрбиенің мақсаты тұлғаның кемелденуі жайлы қамқорлық деп ұдайы есіңде үстайды. Мәселен шығармадағы "Басты ізгіліктердің" олардың маңыздылығы есепке алынып бірізділікпен орналастыруы қызығушылық тудырады: жетілудің нәтижесі - ақыл, бірақ анықтаушысы адамгершілік түрғыда кемелдену: Қайда жүрсең көңіл жұмсақ, сыпайы болғын, Көре қалсақ мүсәпірді сырлас болғын,... Әрі қарай еңбек ақыл, денсаулық, әсемдік жөне басқалары ілеседі. Және де ақыл ұтымы адамгершіліктің кептеген маңызды белгілерін енгізетін аса ауқымды мәнге ие: Ақылға ерсең ғаріпгтерді мейіріммен сүй, Мұстафадай елді кезіп, жетімді жый, Дүниеқоңыз, пасықтардан бойыңды тый... Жетілудің шексіз жөне ете кең мүмкіңдіктері айрықша атап көрсетіледі. Автор өзін-өзі тәрбиелеу жолымен жастар өз бойына ең жақсы адамдық сапалар; мейірімділік, әдептілік, еңбексүйгіштік, қарапайымдылық, әділеттілік, ададдық пен шыншыдцықты сіңіре алатынына сенімді. Шығармадағы ... |