Шәкәрім және Пушкин - Курстық жұмыс - Курстық жұмыс - www.topreferat.kz
Сәрсенбі, 23.05.2012, 22:39
Бас бет Тіркелу Кіру
· RSS
Меню
Курстық жұмыс
Курстық жұмыс [1934]
Алфавит бойынша
  • Рефераттар
  • Курстық жұмыстар
  • Материалдар
  • Дипломдық жұмыстар
  •   Каталог
    Бас бет » Файлдар » Курстық жұмыс » Курстық жұмыс

    Шәкәрім және Пушкин
    [ Скачать ] [ Жүктеу ] [ Тегін рефераттар ] 17.03.2011, 18:29
    Шәкәрім шығармалары туған халқына қайтып оралды, ақынның өмір бойы армандағаны да осы еді. Өзі айтқандай “Жаз шығып, жаманшылық жоғалғанда” өлең дастандары, қарасөздері баспа жүзіне түгел шығып, жылдар бойы аңсап күткен оқушысының қолына тиді.

    Оятқан мені ерте — Шығыс жыры,

    Айнадай айқын болды әлем сыры.

    Талпынып орыс тілін үйренумен,

    Надандықтың тазарып кетті кірі, — деп жырлайды ақын бір өлеңінде. Жалпы, қазақ ақынының өлең мәдениетіне жетік болуы Шығыс және орыстың классикалық поэзиясымен жете таныстығын аңғартса керек. Абай өнегесі арқылы жас кезінде-ақ Пушкин, Лермонтов лирикасын құлағына сіңіріп өскен жас талап бертін келе, сол алыптар ауылына өзі де барып, өнімді олжа тауып қайтады.
    Шәкәрім поэзиясын бірнеше арналы бұлақтардан, халық ауыз әдебиетінен, Абай шығармашылығынан, орыс, шығыс, батыс Еуропа әдебиетінен толымды нәр алып барып, бұғанасы берік бекіген поэзия деу керек. Әсіресе, орыс өлеңдерін, поэмаларын ыждаһаттылықпен зер сала оқып, өзіне өтімді өрнек әкелгені көп көңілінен шыққан. Пушкинді қырда қазақша сөйлеткен Абай ұстазынан кейін Шәкәрім Құдайбердіұлы Пушкин прозасына қайтып оралды. “Дубровский” мен “Боран” хикаясын өлеңмен өрнектеп, қазақ тыңдаушысына танымал, жақын уақиға етіп береді, қазақ ортасында болғандай етіп сенімді суреттейді. Бұл да хас шеберліктен, ізденімпаздықтан туындап жататын кемел құбылыс екендігінде шәк жоқ. Біз бүгін осы шығармашылық байланыс жайын сөз етпекпіз. Ұстазы Абай дүниеден қайтқанша орыс зиялыларымен достасып, пікірлесіп, қолынан келгенше орыс классиктерін қазақша сөйлетіп кетті. “Дубровский әңгімесі”, Ахат Шәкәрімұлының айтуына салсақ, 1903-1909 жылдары, ал белгілі әдебиет зерттеушісі Қайым Мұхаметқанов 1908 жылы жазылған дейді. Екі мәліметтің арасы қашық емес, жобаға келіп тұр. Шығарма 1924 жылы Семейде жеке кітап боп басылып шығады. Содан он
    ...

    Категориясы: Курстық жұмыс
    263 рет қаралды
    www.topreferat.kz © 2012
    Іздеу
    Достарымыз
  • Қазақша рефераттар
  • Казахстанские рефераты
  • Рефераттар тізімі
  • Соңғы қосылған жұмыстар
  • Рефераттар 1
  • Рефераттар 2
  • Рефераттар 3
  • Статистикамыз

    Онлайн: 49
    Қонақтар: 49
    Тіркелгендер: 0





    Анализ сайта
    Resurs.kz: сайты Казахстана и раскрутка сайта

    Поиск
    Создать сайт бесплатно