Бахтың ұлы шығармаларының бірі си минорлы месса тек «Страсти по Матфею» - мен салыстырарлық. Бұл екі туындыны философиялық лириканың діни мәтін арқылы жеткізілген тамсандырырлық тереңдігі, масштабтардың монументалдылығы, құдыретті эмоцианалдық күші жақындатады. Алайда өзекті қасиеттері бірдей болғанымен, олардың әртүрлілігі де айқын: «Страстиде» сюжет, кейіпкерлер, баяндау бар; мессада бірінен соң бірі сөздері аз, бірақ бейнелік мазмұны жалпылауыш кең молитвалық әндер орындалады. Текст – ауыспас негіз, оған 5 бөлімнің әрқашан бірдей реті тәуелді. «Страсти» неміс тілінде орындалса, мессаның тексті толығымен латынша айтылады. Бұл оған аса биік сипат хабарлайды (латын тілі тек шіркеуде ғана қолданылған) және қоршаған өмірдегі нақты оқиғалардан алыстатады. Шығарманың ішкі құрамы және қолданылған жанрлық тәсілдер де әртүрлі: «Страстиде» композицияны көбіне сюжет анықтайды, мессада – таза музыкалық заңдылықтар. Сюжет сипатына байланысты Бах «Страстиде» речитативтер, хоралдар, әрекетті сахналар, еркін салыстырылатын хорлар мен сололар қажет болса, ал мессада тек хорлар, дуеттер және ариялар ғана. Олардың барлығы аяқталған, және олар бір – бірінен нақты шектелген. Мессада хор мен солоны біріктіретін форма жоқ. Си минорлы мессаны Бах Лейпцигте 1733 және 1738 жылдар арасында жазды. Ол композитордың көзң тірісінде толық орындалмаған; тек мессаның алғашқы екі бөлімдері - «Kyrie» және «Gloria» - ны Бах кейде жексембілік богослужениелерде қолданды. Бах ертеде қалыптасқан дәстүрлерге сүйеніп, богослужениенің негізгі, ірі 5 бөлімінің молитвалық мәтінінің фразаларын бірнеше музыкалық номер қылып жазды. Сөйтіп, мессаның бірінші бөлімінде «Kyrie eleison» - де мәтіннің аз болуына қарамастан үш номер, №1 - «Kyrie eleison», №2 - «Criste eleison», №3 - «Kyrie eleison». Мессаның келесі бөлімдерінде «Gloria» және «Credo» - да мәтін көбірек дамығасын Бах оны еркіндеу қолданды. «Gloria»