Қыздарбек Төребайұлы белгілі күйші, Арқа төсінде қалыптасқан күйшілік мектептің дарынды өкілі.Әсіресе,Тоқырауын өзенінің бойындағы күйшілік өнердің өзіндік ерекшелікпен қалыптасуына айрықша ықпал еткен өнерпаз.Өзгеге күнін түсірмейтіндей дөңгелек шаруасы бар жанұяда 1850 жылы дүниеге келіп, 1922 жылы қайтыс болған.Шыққан тегі – Орта жүз Арғын ішіндегі Қаракесек руы.Қаракесек ішінде- Бошан-Таз-Карсон-Тайна аталарынан өрбиді. Қыздарбек Арқаға аты мәлім Тәттімбет,Тоқа,Итаяқ сияқты дәулескер күйшілердің алдын көріп, олардың тегеурінді өнерінен тағлым алған.Әсіресе, Қыздарбектің шебер домбырашылығына қатты сүйсінетін Тоқа өзінің күйлерін оған ерінбей үйретіп, тартқызып отыруды ұнатады екен.Қыздарбек күйді жанымен беріліп, дүнйені ұмытқандай болып тартқанда мұрнынан су ағып кеткенін де байқамайтын болса керек.Сонда Тоқа жасынын үлкендігіне бағып, «Апыр-ай», Қыздарбек-ай, жорғалығында мін жоқ-ау, тек екі қолыңды кесіп, өзге жеріңді итке тастаса да болар еді»-деп әзілдейді екен. Қыздарбек Арқа күйлерін мейлінше көп білген.Ол білгенін Дайрабай, Әбди, Сембек, Ақмолда, Мақаш, Кәрібек, Аққыз, Бегімсал сияқты өкше басар өнерпаздарға үйретіп отырған. Өз кезегінде бұл күйшілерден Әбікен Хасенұлы, Мағауия Хамзин, Әпике Әбенова, Мұхаметжан Тілеуханов, Сыматай Үмбетбаев сияқты өнерпаздар тағлым алды. Сахара төсінде толассыз туындап жататын ұлы мұра ұрпақтан ұрпаққа осылай жұғысты болып отырды. Ең ғажабы, сахара тұрғындарының азат рухы дәстүрінде қапысыз талғам арқылы нағыз асыл туындылар ғана сұрыпталып, іріктеліп, ұрпаққа аманат етіліп отырған. Көшпелілердің төлтума өнерін адам сезімі мен қабілетінің шырқау биігіне көтерген тетіктің құдірет сыры да осында болатын.Қыздарбектің өзі де, өскен ортасы да осы дәстүрді кие тұта білген. Қыздарбек Төребайұлының күйлері: «Жұбату», «Қосбасар», «Сылқым қыз», «Терісқақпай», «Толғау», «Уа, дүние» т.б. Жалпы Тоқырауын бойының, оның ішінде Қыздарбек сияқты дәулескер күйшілердің мұрасына қатысты зерттеу жұмыстары да, насихатталуы да кемшін. Тоқырауын бойының күйшілік дәуірін қазақ ...