ТАЛАС ӨҢІРІНДЕГІ КӨНЕ ЖАЗБАЛАР – ЕЖЕЛГІ ТҮРКІ ЖАЗУ МӘДЕНИЕТІНІҢ БАСТАУЫ - Курстық жұмыс - Курстық жұмыс - www.topreferat.kz
Сәрсенбі, 23.05.2012, 22:52
Бас бет Тіркелу Кіру
· RSS
Меню
Курстық жұмыс
Курстық жұмыс [1934]
Алфавит бойынша
  • Рефераттар
  • Курстық жұмыстар
  • Материалдар
  • Дипломдық жұмыстар
  •   Каталог
    Бас бет » Файлдар » Курстық жұмыс » Курстық жұмыс

    ТАЛАС ӨҢІРІНДЕГІ КӨНЕ ЖАЗБАЛАР – ЕЖЕЛГІ ТҮРКІ ЖАЗУ МӘДЕНИЕТІНІҢ БАСТАУЫ
    [ Скачать ] [ Жүктеу ] [ Тегін рефераттар ] 02.03.2011, 18:09
    Бүгінгі таңда қазақ және өзге де түркі елдері алдында өзекті мәселелердің бірі ретінде тұрған руникалық түркі жазба ескерткіштері өзін зерттеуді тек көне тарих жазылып қалдырған кезеңнен емес, бастауын сонау ғұн, сақ мәдениетінен іздеуді меңзейді. Орталық Азиядағы алғашқы ірі көппелі ғұндар империясы біздің дәуірімізге дейінгі ІІІ ғасырдың соңында құрылды. Бұл ұлы патшалық Байкалдан Тибетке, Орта Азиядан Қытайдағы Хуанхэ өзеніне дейінгі аралықты мекендеп, сандаған жылдар бойы осы территорияда өз үстемдігін жүргізіп отырды. Ғұн тайпалары алтай тілдес тайпалар қатарына жатқанымен, оның құрамында әртүрлі тілдерде сөйлейтін тайпалық одақтар мен шағын рулар да бар еді. Осындай тайпалық одақтардың түрлі жағдайларға байланысты әлсіреуі нәтижесінде Орта Азия территориясында түркі этногенезінің, яғни түркі тілдес тайпалық одақтарының бірігу процесі басталды.
    Заманымыздың І мыңжылдығының басынан Евразия даласында біртіндеп этникалық өзгеріс етек алды. Оның негізгі көрінісі ретінде бұл аймақтарда түркі тілдес тайпалардың басқосуы, өз алдына мемлекет құрып дамудың жаңа бір процесін бастан кешуін ерекше айтуға болады. Ал І мыңжылдықтың екінші жартысынан бастап тұрғындардың әлеуметтік жағдайының артуы және саяси, территориялық тұрақтылықтың нығаюы нәтижесінде жер тұтастығына байланысты бірнеше үлкен мемлекеттер пайда болғаны анық байқалады. Нақтырақ айтсақ, Оңтүстік Сібір, Орталық Азия, төменгі Еділ жағалаулары мен Солтүстік Кавказ аймақтарына байланысты бірінші Түрік қағанаты, Шығыс Түрік қағанаты, Батыс Түрік қағанаты, Түргеш қағанаты мен Арал оғыздары хандығы бой көтереді. Осы аталған одақтастар дәуірі тарихта көне түркі дәуірі деп аталады. Тарих толқынында өз ізін жоғалтпай, үнемі даму, ұлғаю, ірілену сияқты процестерді бастан кешкен біздің көне түркі тіліміз қазіргі уақытта өмір сүріп отырған бүкіл түркі тілдес халықтардың тікелей сабақтастығының жемісі болып табылады. Тілдің пайда болуы мен қалыптасуындағы осындай үзіліссіз, динамикалық дамудың негізінде пайда болған қазақ тілі де түркі ата тіліміздің ...
    Категориясы: Курстық жұмыс
    182 рет қаралды
    www.topreferat.kz © 2012
    Іздеу
    Достарымыз
  • Қазақша рефераттар
  • Казахстанские рефераты
  • Рефераттар тізімі
  • Соңғы қосылған жұмыстар
  • Рефераттар 1
  • Рефераттар 2
  • Рефераттар 3
  • Статистикамыз

    Онлайн: 34
    Қонақтар: 34
    Тіркелгендер: 0





    Анализ сайта
    Resurs.kz: сайты Казахстана и раскрутка сайта

    Поиск
    Создать сайт бесплатно