Тараз қаласындағы археологиялық қазба жұмысы - Курстық жұмыс - Курстық жұмыс - www.topreferat.kz
Сәрсенбі, 23.05.2012, 22:52
Бас бет Тіркелу Кіру
· RSS
Меню
Курстық жұмыс
Курстық жұмыс [1934]
Алфавит бойынша
  • Рефераттар
  • Курстық жұмыстар
  • Материалдар
  • Дипломдық жұмыстар
  •   Каталог
    Бас бет » Файлдар » Курстық жұмыс » Курстық жұмыс

    Тараз қаласындағы археологиялық қазба жұмысы
    [ Скачать ] [ Жүктеу ] [ Тегін рефераттар ] 01.03.2011, 17:59
    Одан әрі қала тарихына және Талас аңғарында Көне заманнан бізге жеткен бабаларымыздың бай мұраларын зерттеуге қомақты үлес қосқан, 1880-1898 жылдары Әулиеата уезінің бастығы болған, өлкетанушы В.В. Каллаур еді. Ол өзінің саналы өмірінде өлкеміздегі тарихи мәдени мұралар туралы көптеген қызықты деректер жинап, оларды 1895 жылы Ташкент қаласында ұйымдастырылған Түркістан әуесқой археологиялық үйірмесіне жазбаша жіберіп отырды. Өзінің қызметінің көптігіне қарамастан Әулиеата туралы ел арасынан ауызекі қызықты деректер жинап, 1864 жылы Көне Тараз қаласының жоспарын қағазға түсіріп тарихымызға үлкен үлес қосты. Өлкемізге алғаш қызметке келгенде дала төсіндегі ежелгі заманнан жеткен тарихи ескерткіштерге қамқорлық жасап, уақытын бөліп, олар жергілікті халықтын мұрасы екендігін ыждақаттықпен түсіндірді. Көп ғасырлар бойы тарих қойнауынан бізге жеткен мұраларды зерттеуге едәуір үлес қосқан О.Л. Иванов, П.Н. Лерх, Н.Н. Пантусовтардың есімдерін де мақтанышпен еске алуға болды.
    Ғасырлар тереңінен бізге жеткен көне Тараз қаласына академик В.В. Бартольдтың ұсынысы бойынша 1927 жылы археолог М. Массон археологиялық қазба жұмысын жүргізіп, тарихи деректердегі қала туралы мәліметтер толық дәлелденді. Көне қаламыздың тарихын және Талас өңіріндегі ескерткіштерді зерттеуде сүбелі үлес қосқан КСРО Ғылым академиясының Н.Я. Морра атындағы тарихи және мәдени материалды институтының Қазақстан филиалы және Талас өңіріндегі ескерткіштерді зерттеуде сүбелі үлес қосқан КСРО Ғылым академиясының Н.Я. Морра атындағы тарихи және мәдени материалды институтының Қазақстан филиалының ұйымдастыруымен 1936-1939 жылдары археологиялық қазба жұмыстары жүргізілді. Бұл аса жауапты істі белгілі ғалым Н.А. Бернштам басқарды. Бұған әр түрлі саладағы маман иелері мен ғалымдар, бір топ тарихшылар қатысты. Археологтар қазба жұмысын негізінен қаланың шығыс пен түстік жағында жүргізіп, араб тарихшысы Макдиси керсеткендей, қаланың Шығыс жағындағы Талас өзеніне қараған жерінде қалаға кіретін қақпаның орнын анықтады, соқпа дуалдарымен соғылған бекіністің қалдығын кездестірді. Осында жаппай жүргізілген қазба жұмыстың нәтижесі көне қала негізінен бес мәдени
    ...
    Категориясы: Курстық жұмыс
    161 рет қаралды
    www.topreferat.kz © 2012
    Іздеу
    Достарымыз
  • Қазақша рефераттар
  • Казахстанские рефераты
  • Рефераттар тізімі
  • Соңғы қосылған жұмыстар
  • Рефераттар 1
  • Рефераттар 2
  • Рефераттар 3
  • Статистикамыз

    Онлайн: 33
    Қонақтар: 33
    Тіркелгендер: 0





    Анализ сайта
    Resurs.kz: сайты Казахстана и раскрутка сайта

    Поиск
    Создать сайт бесплатно