Томас Сэмюель Кун (1922-1996) – американдық философ және ғылыми тарихшысы, постпозитивтік ғылым философиясының басты өкілдерінің бірі. Негізгі шығармасы «Коперникиандық рефолюция» (1957), «Ғылыми революциялардың құрылымы» (1962), «Қара дене теориясы және кванттық үзіктілік» (1978) және т.б. Тарихтың рөлі Тарих, егер оны жай хронологиялық тәртіппен орналасқан анекдоттар мен деректердің қоймасы ретінде ғана қарастырмайтын болсақ, онда ол ғылым туралы бізде қазіргі уақытқа дейін қалыптасқан түсініктерді бел буып, қайта құру үшін негіз бола алар еді. Бұл түсініктер (тіпті ғылымдардың өзінде де) басты түрде классикалық еңбектерде немесе кейініректе оқулықтарда тұнып тұрған ғылыми жетістіктерді зерделеу негізінде пайда болған; бұл еңбектер мен оқулықтар бойынша ғылыми жұмыскерлердің әрбір жаңа ұрпағы өз ісінің практикасында оқып-үйренетіні белгілі. Бірақ мұндай кітаптардың мақсаты олардың өз жаратылысы бойынша материалды сенімді әрі түсінікті баяндау болып табылады. Солардан қорытылған ғылым ұғымының, ықтимал, ғылыми зерттеудің шын практикасында сәйкестігі туристер үшін жарнамалық проспектілерден немесе тіл бойынша оқулықтардан влынған мәліметтердің ұлттық мәдениеттің реалдық бейнесіне сәйкестігінен асып кетпейді. Ұсынылып отырған очеркте ғылым туралы мұндай түсініктердің ғылымның магистралдық жолдарынан жаңылдырып жіберетінін көрсетуге талпыныс жасалады. Оның мақсаты ғылыми қызметтің өзін зерттеудегі тарихи келістен айқындалатын ғыымның мүлде басқа тұғырнамасын (концепциясын) сұлба түрінде болсын бейнелеп беруде. Алайда, егер тарихи берілгендердің ізделуі мен талдауын басты түрде классикалық еңбектер мен оқулықтар негізінде қалыптасқан антитарихи стереотиптің шеңберінде қойылған сұрақтарға жауап беру үшін жалғастырар болсақ, онда тіпті тарихты қаншама зерделегенмен жаңа тұғырнама туындамайды. Мысалы, бұл еңбектерден көбіне ғылымның бар мазмұны тек