Әулиеатаны Ресейдің жаулап алуы - Курстық жұмыс - Курстық жұмыс - www.topreferat.kz
Сәрсенбі, 23.05.2012, 23:02
Бас бет Тіркелу Кіру
· RSS
Меню
Курстық жұмыс
Курстық жұмыс [1934]
Алфавит бойынша
  • Рефераттар
  • Курстық жұмыстар
  • Материалдар
  • Дипломдық жұмыстар
  •   Каталог
    Бас бет » Файлдар » Курстық жұмыс » Курстық жұмыс

    Әулиеатаны Ресейдің жаулап алуы
    [ Скачать ] [ Жүктеу ] [ Тегін рефераттар ] 17.03.2011, 18:17
    Қазақ халқы жоңғар басқыншыларымен жан алысып, жан берісіп соғысып жатқанда Ресейдің І-Петр патшасының әскерлері жерімізді шетінен кертіп қалалар салып, жыландай жылжып сұғынып келе жатты.
    Омбы, Орынбор, Павлодар, Семей, Өскемен қалаларынан соң орыс отаршылары XIX ғасырда Жетісуға жетіп, 1854 жылы ежелгі Алматы кентінің орнына Верный бекінісін тұрғызды. Ал, бұдан бір жыл бұрын Орынбор жақтан генерал Перовский басқарған орыс әскері қоқандықтардан Ақмешіт (қазіргі Қызылорда) қаласын басып алған болатын. «Тәбет тамақ ішу барысында келеді» деп білетін қомағай Ресей отаршылары енді Талас, Шу аймағына, одан әрі Орта Азияға көз аларта бастады. Бұл кезде Оңтүстік Қазақстанды ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстаған Қоқан зекетшілері жәй мал-мүлік салығын былай қойып, мұсылмандықтан безіп, көңіл көтеру үшін әр ауылдан бір қыз бересің деген адамгершілікке жатпайтын салық ойлап шығарды. Өздерінің оң жақтағы ару қыздарын көздерінің қарашықтарындай сақтайтын қазақтар бұл қорлыққа көнбей 1858 жылы мамыр айында көтеріліске шықты. Мырза би деген зекетшіні нөкерлерімен қоса Шымкент түбінде қырып салды. Қоқан ханы Құдияр әр жерден бас көтерген қазақтарды аяусыз жазалап, қанды шеңгеліне қайта түсірген соң 1860 жылы Жетісуды орыс отаршыларынан құтқарамыз деген ұранмен әскер көтерді. Ұзынағаш түбінде полковник Колпаковский басқарған орыс әскері қоқандық сарбаздарды зеңбіректерден оқ жаудырып, жамсатып салды. Осы қоқандықтар сапында Байзақ, Батырбек датқалар да болатын. Олар орыс қаруының каншама куатты екендігін осы соғыста түсінді. Ұлы жүзден Ресейге ертерек караған ағайындарының жай-жапсарын Қоқанға қарасты өз елінің күйімен салыстыра келе Байзақ датқа бүкіл қазақ бірге болуы керек деп шешті. Ал, Ташкент бегілер бегінің карындасына үйленген Батырбек датқа коқандықтар жағында еді.
    Ресей патшасы Александр I Оңтүстік Қазақстанды жаулап алу үшін бас штабтың полковнигі Михаил Григорьевич Черняевты қолбасшы етіп тағайындады. Бұл 1863 жыл болатын. Сол жылы Орынбор жақтан келіп Созақта, Шолаққорғанда болып, тілік ІІІоқай датқамен тіл табысқан, жай-
    ...
    Категориясы: Курстық жұмыс
    129 рет қаралды
    www.topreferat.kz © 2012
    Іздеу
    Достарымыз
  • Қазақша рефераттар
  • Казахстанские рефераты
  • Рефераттар тізімі
  • Соңғы қосылған жұмыстар
  • Рефераттар 1
  • Рефераттар 2
  • Рефераттар 3
  • Статистикамыз

    Онлайн: 37
    Қонақтар: 37
    Тіркелгендер: 0





    Анализ сайта
    Resurs.kz: сайты Казахстана и раскрутка сайта

    Поиск
    Создать сайт бесплатно