Қазіргі ғылыми-техникалық прогресс пен өндіргіш күштерінің қарқынды дамуы және халық санының өсу жағдайларында, табиғат пен қоғамның өзара әрекеттестік проблемасы ерекше зор маңызға ие болуда. Жаңа басталған ХХІ ғасырда бұл мәселе асқына түсіп, іргелі зерттеулер объектісіне және күрделі жалпы мемлекеттік міндетке айналып отыр. Қазіргі кезде дүние жүзінде табиғи ресурстардың зерттелуіне, пайдалануына,ұдайы өндірілуіне, әр түрлі теріс құбылыстардан қорғалуына, олардың пайдалы қасиеттерін бүгінгі және болашақ ұрпақтарға сақтап қалуына зор көңіл бөлінуде. Табиғатты пайдалану және ресурстарды үнемдеу мәселесі мемлекеттік саясат деңгеінде орын алып отыр.Табиғи ресурстар деп еңбек құралы, энергия, шикізат және материалдар көзі ретінде пайдаланудағы немесе пайдалануға жарамды табиғат заттарын атайды. Олардың пайдалануы, бірінші кезекте,адамның биологиялық тіршілігін қамтамасыз ететін қоғамның экономикалық мұқтаждығын қанағаттандыруға бағытталған. Бірақта бұл проблеманың бір шеті, екіншісі-осы табиғат күштерін адамның, оның қазіргі және болашақтағы ұрпақтарының игілігіне пайдалана білу. Табиғи рсурстарға бірінші кезекте ауа бассейні мен бүкіл қоршаған орта жатады(1-кесте). Толығырақ айтқанда аталған табиғи ресурстардың қатарына жер мен су, флора мен фауна да жатқызылады. Осылардың арасында, қоғамдық байлықтың сарқылмас қайнар көзі ретінде адамға пайдалы болған жер, оның қойнауы меншикізат ресурстары ерекше орын алады. Жер- адамның өмір сүруіне қолайлы биологиялық жағдайлар қалыптасқан, қойнауы мен биосференың саналуан байлығымен сипатталатын және еңбектіқолдануға мүмкіндік беретін адамның тіршілік мекені. Жердің осы ролін сипаттай отырып, XVII ғасырдағы көрнекті ағылшын ғалымы Уильям Петти: «Тұтыну құндары мен заттық байлықтың көзі тек еңбек қана емес. Еңбек –байлықтың атасы, ал жер оның анасы » деген екен. Жалпыхалықтық масштабта жер ұғымы планета бетін қамтиды. Дегенмен, жалпыға мәлім: Жер бетінің басым бөлігі 361,1 млн.км2 немесе 70,8%-тін алып жатқан Әлем Мұхиты астында, жер көлемі алты құрлықты қамти отырып, планетаның 149,1 млн.км2 немесе 29,2%-ті құрайды. Соңғысының 1/3 бөлігі таулы жерлер, 20%-тін шөл және 30%-тін орман алып жатыр. Жердің тек 10%-і ғана ауылшаруашылық алаптарға жатады. Жердің материя және табиғи ресурс ретіндегі қасиеттері, оның тек табиғат кешенінің басқа компоненттерімен – климатпен, су ресурстарымен, өсімдік және хайуанат әлемімен өзара әрекеттестік түрінде ғана тиісті маңызға ие болады. Жер осы кешеннің, демек жер бетінің, онымен шектес литосфераның, гидросфераның және атмосфераның, ас күрделі құрам бөлшектерінің бірі ...