Кәсіпкерлікпен айналысатын жеке нотариустар, адвокаттар, жеке кәсіпкерлер және заңды тұлғалар, сондай - ақ басқа да қызметпен айналысатын, заңды тұлға болып саналмайтындар (бір сөзбен айтқанда, салық төлеушілер), міндетті зейнеткерлік жарнасын жинақ зейнетақы қорларына төлеуші ретінде тіркелгендер, өзінің тұрған жеріндегі салық қызметінің органдарына аударады. Егер заңды тұлға, сондай-ақ жеке кәсіпкерлер, адвокаттар және жеке нотариустар, жалданушы еңбеккерлердің еңбегін пайдаланса ай сайын олардың жалақысынан есептеп және ұстап, сосын оларды жинақ зейнетақы қорына аударып отыруы керек. Әскери және ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін 1998 жылдың қаңтарынан бастап республикалық және жергілікті бюджеттің есебінен аталған қызметкерлердің міндетті зейнеткерлік жарнасын аударып отырады. Зейнеткерлік жарнасы келесі мөлшерлеме бойынша есептелініп және ұсталып отырады: - егер занды тұлға, сондай-ақ жеке кәсіпкерлер, адвокаттар және нотариустер, жалданушы еңбеккерлердің еңбегін пайдаланса, онда сол еңбеккерлердің табысынан 10% деңгейінде ай сайын міндетті зейнеткерлік жарнасына аударады; - жеке кәсіпкерлер өздері үшін салық салынатын табысынан 10% деңгейінде аударады; - адвокаттар да, жеке нотариустер өздері үшін Салық Кодексіне сәйкес анықталған табысынан 10% деңгейінде аударады. Міндетті зейнеткерлік жарнасы келесі төлемдерден ұсталмайды: - еңбеккерлсердің денсаулығының бұзылуына әкелген зардаптар үшін төленетін төлемдерден; ...