Linux - Басқа пәндер - Материалдар - www.topreferat.kz
Сәрсенбі, 23.05.2012, 23:44
Бас бет Тіркелу Кіру
· RSS
Меню
Материалдар
Валеология [1]
География [34]
Дін [2]
Жалпы тарих [5]
Қазақстан тарихы [1]
Құқық [58]
Өнер, музыка [5]
Психология [1]
Сақтандыру [0]
Саясаттану [5]
Философия [2]
Экономика [3]
Басқа пәндер [162]
Алфавит бойынша
  • Рефераттар
  • Курстық жұмыстар
  • Материалдар
  • Дипломдық жұмыстар
  •   Каталог
    Бас бет » Файлдар » Материалдар » Басқа пәндер

    Linux
    [ Скачать ] [ Жүктеу ] [ Тегін рефераттар ] 23.09.2010, 22:45
    Linux — UNIX ұясына кіретін амалдық жүйе.

    Еркін бағдарламалық қамтама (ЕБҚ) біртіндеп күш жинауда. Егер бұрын ол тек тәжірибесі бар адамдармен қолданылып, кәдімгі пайдаланушылар үшін күнделікті қолдануға жарамаса, қазір осы жағдай өзгерген. ЕБҚ-ға өткен адамдар саны күннен-күнге өсіп келе жатыр, олардың арасында басқа операциялық жүйелер туралы естімеген адамдар да бар. Осы мақалалар сериясы осыған байланысты жазылған. Одан сіз бірнеше терминдерді, дистрибутивті қалай таңдау, таңдалған дистрибутивті қалай орнатып-баптауды, көмекті қайдан іздеу және не оқу керек туралы біле аласыз.

    Терминология

    ГНҰ/Лінұх-ты «шұқып» көріп, одан соң оны күнделікті қолданамын дегендер тәжірибелері аз болғандықтан жиі терминологияда шатасады. Төменде ыңғайлатылған түрінде бірнешеуін түсіндіруге тырысамын. Көбірек білу үшін осы ұғымдар туралы Интернетте (Википедияда) оқып, танысуға болады.

    Фрее Софтуаре – еркін бағдарламалық қамтама (ЕБҚ), оны еркін қолданып және таратуға рұқсат ететін еркін лицензиялардың біреуі аясында таратылады.

    Опен Соұрце – бастапқы кодтары ашық бағдарламалық қамтама не ашық бағдарламалық қамтама. Маңызды ескерту: ашық – тегін дегені емес. Ашық пен еркін арасында айырмашылығы аз, тек керек кезінде оны ол туралы жеке айтамыз.

    ГНҰ/Лінұх – Лінұх ядросына негізделген операциялық жүйенсінің атауы. Көбінесе осы сөз тіркесінің бірінші бөлігі айтылмайды, тек Лінұх (Линукс) деп айтылады. ГНҰ/Лінұх құрамасы – ядро, командалық өндеуіш және бағдарламалық қамтаманың жинағы.

    Дистрибутив – бағдарламалық қамтаманың (операциялық жүйелер де) таратылу түрі, құрамында осы операциялық жүйенің орнатқышы мен минималды бағдарламалар жинағы болады. Лінұх дистрибутивтерінің мысалдары: Ұбұнтұ, Дебіан, Слацкуаре, опенСҰСЕ, Арцһлінұх, т.б.

    Консоль (командалық жол) – негізі, ол – операциялық жүйенің мәтіндік көрінісі, түрі. Мәтіндік командаларды енгізу-шығару құралы. ГНҰ/Лінұх жүйелерінде командалық жол деп көбінесе Басһ командалық өңдеуіші және оның графикалық кеңейтуі (Хтерм, Гноме-термінал) аталады. «Терминал» ұғымына ұқсас болып келеді.

    Роот (суперпайдаланушы) – ГНҰ/Лінұх жүйелерінде шектеусіз әкімшілік құқығы бар пайдаланушысы.

    ГҰЫ (ағылш. «грапһіцал ұсер інтерфаце») – пайдаланушының графикалық интерфейсі. Яғни, терезелер, панельдер, батырмалар мен т.с.с.

    Уіндоу Манагер – терезелердің орналасуын мен олардың әрекеттерін басқарады. Мысалы, Цомпіз – графиалық эффектілерді ұсынады.

    Десктоп Енвіронмент – жұмыс үстелінің ортасы, негізгі үші түрі бар: КДЕ, ГНОМЕ, ХФЦЕ. Құрамында бағдарламалар жинағы болуы мүмкін. Мысалы, мәтіндік редактор ретінде Гноме ішінде гедіт, ал КДЕ ішінде Куріте болып келеді. Жай ғана бағдарламалар жинағы емес, өзара тығыз байланыстырылға болады, мысалы, медиаплейерде ойнап жатқа өлең атын жедел хабарламалармен алмасу бағдарламасы көрсете алады.

    Десте – бағдарламалық қамтама файлы, құрамында бағдарламаның өзі, қосымша мәліметтер болады (лицензия мәтіні, мысалға). Десте атауы әдетте стандартты болады, бағдарлама аты, нұсқасы, архитектурасы көрсетіледі. Сонымен қатар, Лінұх әлемінде қолданатын дестелер түріне сәйкес дистрибутивтер екі үлкен топқа бөлінеді. Ең көп таралғандары деб және рпм дестелер түрлері. Алайда, кейбір дистрибутивтер өздік пішімдердегі дестелерді қолданады.

    Дестелер менеджері – БҚ дестелерін басқаруға арналған бағдарлама. Бағдарлама дестелерін іздеу, орнату, өшіру, жаңарту мен т.с.с. әрекеттерді орындайды Мысалы: дпкг, рпм. Арцһлінұх үшін дестелер менеджері – пацман.

    Репозиторий – БҚ дестелері орналасатын жер. Ол интернеттегі серверде, жергілікті компьютерде, не компакт-дисктерде орналасуы мүмкін. Репозиторийден дестелер менеджері дестелер туралы ақпаратты оқып, оларды жүктеп ала алады.

    Бастапқы код – бағдарламаның «шикі» түрі, яғни, бағдарламалау тілінде жазылған код файлдары мен қосымша құрама (суреттер, құжаттама, т.с.с.). Бағдарлама осы түрінде пайдасыз, қолдану үшін оны «жинау» керек, бұл үрдіс компиляция деп аталады.

    Скрипт – командалық өңдеуіш орындайтын командалар жазылған файл. Мысалы, командалар тізімін қайта-қайта тере бермеу үшін оны скриптке жинауға болады.























    Категориясы: Басқа пәндер
    502 рет қаралды
    www.topreferat.kz © 2012
    Іздеу
    Достарымыз
  • Қазақша рефераттар
  • Казахстанские рефераты
  • Рефераттар тізімі
  • Соңғы қосылған жұмыстар
  • Рефераттар 1
  • Рефераттар 2
  • Рефераттар 3
  • Статистикамыз

    Онлайн: 26
    Қонақтар: 26
    Тіркелгендер: 0





    Анализ сайта
    Resurs.kz: сайты Казахстана и раскрутка сайта

    Поиск
    Создать сайт бесплатно