Дyниенi дyбiрлеткен тyркiлердiң дене тәрбиесi [7 бет] - Валеология - Материалдар - www.topreferat.kz
Бейсенбі, 24.05.2012, 20:41
Бас бет Тіркелу Кіру
· RSS
Меню
Материалдар
Валеология [1]
География [34]
Дін [2]
Жалпы тарих [5]
Қазақстан тарихы [1]
Құқық [58]
Өнер, музыка [5]
Психология [1]
Сақтандыру [0]
Саясаттану [5]
Философия [2]
Экономика [3]
Басқа пәндер [162]
Алфавит бойынша
  • Рефераттар
  • Курстық жұмыстар
  • Материалдар
  • Дипломдық жұмыстар
  •   Каталог
    Бас бет » Файлдар » Материалдар » Валеология

    Дyниенi дyбiрлеткен тyркiлердiң дене тәрбиесi [7 бет]
    [ Скачать ] [ Жүктеу ] [ Тегін рефераттар ] 22.09.2010, 13:06

    "Қолына олимпиялық алауды ұстаған халық оның жалынын әрi қарай шалқыта түсуге тиiс" (Пьер де Кубертен, қазiргi олимпиялық ойындардың негiзiн салушы) Бiздер қазiргi кезде мекендеп, ғұмыр кешiп отырған Қазақстан Республикасының аумағы бұрынғы көне дәуiрде Скифия (Сақстан), Тұран, Дештi-Қыпшақ даласы, Қазақ даласы (яғни Қазақстан) аталған. Бұл жерлердi байырғы ата-бабаларымыз сақтар мен ғұндар мекендеген. Ерте күнде, отты күннен Ғұн туған, Отты Ғұннан, от боп ойнап мен туғам. Жүзiмдi де, қысық қара көзiмдi. Туа сала жалынменен мен жуғам. Қайғыланба, соқыр сорлы, шекпе зар, Мен – Күн ұлы, көзiмде күн нұры бар. Мен келемiн, мен келемiн, мен келем – Күннен туған, Ғұннан туған пайғамбар, – деп шабыттана жазады, ұлы ақын Мағжан Жұмабаев. Мiне, ежелгi Тұранды мекендеген, суыққа да шыдамды, ыстыққа да төзiмдi Алтай таулары мен Атырау теңiзiнiң арасында ұшқан құстың қанаты талар ұлан байтақ кең жердi мекен еткен ата-бабаларымыз мықтылығын, жауынгерлiгiн дәлелдейтiн құжаттар туралы әңгiмелейiк.
    Қазақ халқының бойындағы өзiнiң кең даласындай шексiз дархандық, сауықшылдық, шаршы топты көрсе делебесi қозып, бәсекеге түскiсi келiп елеңдеп тұратын қызуқандылық сияқты бағзы заманалардан берi ата-бабаларымыздан қанымызға сiңiп, басқалармен салыстырғанда бадырайып көзге ұрып тұратын қасиетiмiз бар. Бала кезiмiзде "бiздер жетi жұрттың жұрағатымыз" деген сөздердi талай рет көнекөз қариялардың ауыздарынан естiгенбiз. Осы сөзге мән берiп, кейiн зерделеп қарасақ, ата-тарихтың бастауында тұрған Сақ, Ғұн тайпалары жылқыны қолға үйретiп жолға шықса көлiгi, жауға шапса көлiгi, той жасап, ас берсе бәйгеге шабар сәйгүлiгi еткен екен. Ер-тұман, ат әбзелдерiн де ойлап тапқап көшпелiлер, жаратып қазанат мiнiп, шарболаттан құйған қайқы қылыштарын үзеңгiге тiреп ер үстiнде шiренiп тұрып сiлтегенде, кiрiстен шыға ысқырған сұр ...
    Категориясы: Валеология
    223 рет қаралды
    www.topreferat.kz © 2012
    Іздеу
    Достарымыз
  • Қазақша рефераттар
  • Казахстанские рефераты
  • Рефераттар тізімі
  • Соңғы қосылған жұмыстар
  • Рефераттар 1
  • Рефераттар 2
  • Рефераттар 3
  • Статистикамыз

    Онлайн: 27
    Қонақтар: 27
    Тіркелгендер: 0





    Анализ сайта
    Resurs.kz: сайты Казахстана и раскрутка сайта

    Поиск
    Создать сайт бесплатно