Тәуелсіздік – бабаларымыздың ежелгі арманы. Тек соңғы бес ғасырда қазақ жерінде тәуелсіздік үшін әр түрлі деңгейдегі ұлт-азаттық көтерілістер болды. Соның бірі – 1986 жылы желтоқсан оқиғасы. Біз бұл оқиғаны – Тәуелсіздік аңсаған елдің ширыққан намысы деп бағалаймыз. Ерлігі үзілмеген қазақ халқының перзенттері ретінде желтоқсан оқиғасына қатысушыларға бас иіп, желтоқсан құрбандарын еске алу үшін 1 минут үнсіздік жариялауға рұхсат етіңіздер.........