Та қ ы р ы б ы: Жұмыс жоспары: 1. Муляждер мен таблицаларды қолдана отырып жүректің жатқан топографиялық жағдайын, сыртқы және ішкі құрылысын тусіну. 2. Сүтқоректілердің (сиырдың) журегін қолдана отырып, жақтаулы және айшық тәрізді клапандарының жатқан орнын, құрылысын тексеріп, олардың атқаратын қызметін білу. 3. Жүректің қабырға құрылысымен танысқанда жүректің өткізгіш системасына және миокардтың ет талшықтарының құрылыс ерекшеліктеріне көңіл бөліп, олардьщ қасиетіне автоматикалық қызметіне, жиырылу мен босаңсуына жақсы түсінік беру. Жумысқа керек жабдықтар: Жүрек препараты, сиыр малының жүрегі. Муляждер: «Жүрек». Таблицалар: «Жүрек», «Жүрек пен өкпелер», «Көкірек қуысындағы органдар топографиясы», «Қан айналу, шеңберлер схемасы», «Жүрек құрылысы мен жұмысы» деген кинофильм. Жүрек. Жүрек конус тәрізді етті орган, оның жоғарғы, толық келген жерін жүректің негізі, ал төменгі сүйірленіп жатқан жерін жүрек ұшы деп атайды. Жүректің төмен қарап диафрагма үстінде жатқан бетін ...