Іздеу серверлері Интернет жүйесіндегі мәліметтерді миллиондаған мекемелер даярлайды. Олардың кейбіреулері өз мәліметтерін 3-5 минут сайын жаңартып отырады. Осындай ақпарат мұхитында керекті мәліметті қалай тауып алуға болады?! Мұндайда көмек беретін іздеу серверлері бар. Оларда мыңдаған іріктелген қүжаттардың, сайттардың және парақтардың адрестері сақталады.