1. Алғашқы мағлұматтар Графикалық редактор - графикалық бейне түріндегі суреттерді салуға және оларды өңдеуге арналған арнайы бағыттағы программа. Қазіргі кезде нүктелік (немесе растрлық) және векторлық деп аталатын графикалык редакторлардың екі түрі белгілі. Нүктелік графикалық редакторларда кез-келген сурет пиксельдер деп аталатын нүктелерден тұратын кішкене бейнелер (мозаика) арқылы салынады, ал нүктелердің әрқайсысы түрлі түске бояла алады. Paint (Paintbrush) - Windows жүйесінің стандартты программалар тобына кіретін қарапайым нүктелік графикалық редактор. Paint өзінің мүмкіндіктері жағынан профессионалды графикалық редакторлардан біршама төмендеу болғанымен ол едәуір күрделі әрі тартымды, түрлі-түсті және ақ-қара суреттерді, схемаларды, сызбаларды (чертеждер) даярлауға мүмкіндік береді. Бұл редакторды игеру онша қиын емес, оның құрамында сурет салу, сызу және оларды өңдеуге арналған стандартты қарапайым аспаптар жиыны бар, дайындалған бейнелер файлдардың кең тараған графикалык форматында сақталады. 2. Программа терезесі Редакторды іске қосу үшін (Windows З.х) "Реквизиттер" тобындағы Paintbrush белгісін таңдаңыздар. Ал, Windows 98 жүйесінде Іске қосу=> Программалар=> Стандартты => Paint командалар тізбегін орындасақ, экранда программаның терезесі пайда болады. Оның кұрамында бізге осыған дейінгі таныс элементтер мен (жұмыс аумағы, меню мен тақырып жолдары) бірге бірсыпыра жаңа элемснттер де бар. Терезенің сол жақ шеткі қабырғасында аспаптар тақтасы орналасқан. Одан сіздер Paint-та кездесетін барлық сурет салу аспаптарын көре аласыздар (8.1-сурет). Кез-келген аспаптарды таңдау үшін соның белгісіне тышқан курсорын жеткізіп, оны шерту жеткілікті. Осыдан кейін таңдап алынған аспаптың бейнесі (белгісі) айқын түспен ерекшеленеді. Терезенің төменгі жақтауы бойымен түстер палитрасы орналаскан. Paint-та бір уақытта екі түспен сурет салуға болады: қалам түсімен (мұнан былай оны қысқаша негізгі түс деп атаймыз) және фон түсімен (мұнан былай оны фондық деп атаймыз). Палитраның сол жак шетінде бірі екіншісінің ішіне орналасқан кішкене екі тіктөртбұрыш тұр, осылардың үстіңгісі - негізгі түсті, ал астыңғысы - фондық түстерді көрсетеді. Кез келген сәтте түстерді өзгерту мүмкіндігі бар. Ол үшін курсорды палитрадағы жаңа түскс апарып, тышқанның сол жақ батырмасын шерте отырып негізгі түсті, ал оң жақ батырмасын басу арқылы - фондық түсті өзгертуге болады. Аспаптар тақтасының төменгі жағында сызықтар қалыңдығын анықтайтын терезе орналасқан. Сызықтар қалыңдығын таңдап алған соң, соның көмегімен түзу сызықты, доғаларды, тіктөртбұрыштар мен эллипс контурларын сызуға болады. Сызықтың қалыңдығы сондай-ақ мыналарға да әсер етеді: - аэрозоль баллонының сиясының ені; - өшіргіш (ластик) ені; - бояуыш немесе қылқалам (кисть) ені. Жұмыс аумағы - салынатын графикалық бейне орналаса алатын экранның тіктөртбұрышты ауданы (бөлігі). Егер де мөлшері жұмыс аумағынан да үлкен сурет салынса, онда терезе шеттерінде жылжу сызғыштары пайда болады. Олар экран бетінде жылжи отырып, бейненің кез келген бөлігін көруге мүмкіндік береді. Ал егер жұмыс аумағынан кіші сурет ...