Балалардағы нәрлендірудің созылмалы бұзылыстары немесе белоктық-калориялық жетіспеушілік. Нәрлендірудің созылмалы бұзылыстары – дистрофия (грекше dys-бұзылыс, trophe-нәрлеу) – нәрлену және тіндер трофикасының созылмалы бұзылысы. Сәбилерде оның екі түрін ажыратады: артық нәрлену – толықтық, семіздік және жеткіліксіз нәрлену немесе белоктық-калориялық жетіспеушілік.