ХХ ғасырдың 60-90-шы жылдарындағы Таяу Шығыстағы соғыстар тарихы автореферат - Жалпы тарих - Рефераттар - www.topreferat.kz
Жұма, 25.05.2012, 23:00
Бас бет Тіркелу Кіру
· RSS
Меню
Рефераттар
Банк ісі [72]
Бизнесті бағалау [8]
Бухгалтерлік іс [57]
Валеология [56]
География [20]
Геология, геофизика, геодезия [12]
Дін [26]
Жалпы тарих [33]
Журналистика [7]
Информатика [192]
Кеден ісі [6]
Қазақстан тарихы [262]
Қаржы [79]
Құқық [165]
Маркетинг [54]
Мәдениеттану [39]
Медицина [48]
Менеджмент [71]
Мұнай [22]
Өнер, музыка [12]
Педагогика [26]
Психология [37]
Сақтандыру [12]
Салық [26]
Саясаттану [125]
Социология [58]
Туризм [10]
Философия [106]
Экология [119]
Экономика [290]
Рефераттар [20]
Басқа пәндер [37]
Алфавит бойынша
  • Рефераттар
  • Курстық жұмыстар
  • Материалдар
  • Дипломдық жұмыстар
  •   Каталог
    Бас бет » Файлдар » Рефераттар » Жалпы тарих

    ХХ ғасырдың 60-90-шы жылдарындағы Таяу Шығыстағы соғыстар тарихы автореферат
    [ Скачать ] [ Жүктеу ] [ Тегін рефераттар ] 23.11.2009, 08:53


    Кіріспе
    Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Диссертацияда ХХ ғасырдың 60-90-шы жылдарындағы Таяу Шығыста орын алған соғыстар тарихына талдау жасалынады. Таяу Шығыстағы мемлекеттерге алып империялар тарапынан жасалған саяси қысымдармен қоса, соғыстардың шығу себептері мен барысы қарастырылып, оның нәтижелері мен қортындылары айқындалынады. Мұнда болған бірнеше соғыстар кешенді түрде тұтастай зерттеліп, олардың өзара байланыстарына баға беріледі, ұлттар арасындағы қарулы қақтығыстар мен жанжалдардың негізгі себептері ашылады. Зерттеу жұмсы 1967-ші жылғы араб-израиль соғсынан басталады, себебі бұл араб жерлері есесінен маңызды түрде Израиль территориясының кеңеюі басталғанын айқындайтын негізгі кезең болып есептеледі.
    Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қуаныш пен қайғы, табыс пен жеңіліс кезектесе келетін адамзат тарихында әрбір соғыс өз ізінiң ұмытылмас беттерін, шешуші күрделі сауалдарын, түйіткілі көп мәселелерін қалдырып отырғандығы белгілі. Қазіргі кезеңде Таяу Шығыстағы мемлекетаралық қайшылықтардың өсуінің, ұлттық экономикалардың қарқынды дамуының және халықтың әлеуметтік жағдайының көтерілуінің маңызды көрсеткіші болып -аймақтың ірі мұнай қорларымен бірге жергілікті мемлекеттердің мұнай долларынан түсірген жоғары үстеме табыстары саналады. Бұл әрине, аймақтағы басымдылық бәсекесіне, жаппай қарулану жарысына итермелеп, саяси жағдай мен мемлекетаралық қатынастардың сипатына өз әсерін тигізбей қойған жоқ. Халықаралық қатынастарға өз әсерін тигізген басқа да маңызды көрсеткіштер болып осы мемлекеттердің саяси құрылымдарының әртүрлілігі (республика, монархия, диктатура т.б.); мұндағы дінаралық қайшылықтар (сунниттер мен шииттер арасында); жергілікті басқарушылардың мансапқорлығы; шекара мәселелері бойынша қайшылықтар және т.б. саналады.
    Мұндай қайшылықтардың бүкіл жиынтығы жергілікті елдердің өміріндегі саяси арнада ауыр жүк болып, 60-шы - 70-ші жылдары ол мемлекетаралық қатынастарды қалыпты жағдай аясында ұстап тұрды. Бірақ, көп ұзамай, 70-ші жылдардың соңында Орта Шығыстағы мемлекеттік құрылымдарда бұрын орнаған тәртіптердің бұзылуына әкеліп соққан оқиғалар да орын алып жатты (Ауғанстан мен Ирандағы революциялар, т.б.). Мұндай оқиғалар бұл кезде тек Парсы шығанағында емес, сонымен қатар Таяу Шығыста да ірі саяси зардаптар туғызуы мүмкін еді. Жалпы алғанда шығыс бөлік, яғни Орта Шығыс пен Парсы шығанағы – ең соғысшыл және қантөгісті аймаққа айналды деуге болады. Айта кететін бір жайт, бұл шиеленістер мен соғыстар тек қана осы елдердің өз ішіндегі мұсылман қоғамдарының арасында ғана емес, сонымен қатар мұсылман мемлекеттері арасында да болып өтіп, бұл олардың өз болашағына байланысты өзінің саяси тағдырының шешіміне өз аймақтық саяси мақсаттарын көздеген ірі мемлекеттерді еріксіз тартты.
    Республика
    Категориясы: Жалпы тарих
    502 рет қаралды
    www.topreferat.kz © 2012
    Іздеу
    Достарымыз
  • Қазақша рефераттар
  • Казахстанские рефераты
  • Рефераттар тізімі
  • Соңғы қосылған жұмыстар
  • Рефераттар 1
  • Рефераттар 2
  • Рефераттар 3
  • Статистикамыз

    Онлайн: 13
    Қонақтар: 13
    Тіркелгендер: 0





    Анализ сайта
    Resurs.kz: сайты Казахстана и раскрутка сайта

    Поиск
    Создать сайт бесплатно